«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада қазақстандық тауарлар дүкені ашылды

2015 жылғы 14 Желтоқсан
11459 просмотров

"УниверMAG.kz" дүкенінен отанымызда өндірілетін шұлықтан бастап той көйлегіне дейінгі түрлі өнімдерді сатып алуға болады

Дүкен Жеңіл өнеркәсіп өндірушілері одағының, атап айтқанда "ПИК ASTANA Ютария ltd" ЖШС директоры Сәуле Шәуенованың бастамасымен ашылды. Бұл жерде үйге арналған тоқыма бұйымдар, сырт киім, шұлық-ұйық өнімдері, бас киімдер, той киімдері, аяқ киім және басқа да көптеген дүниелер өндіретін отандық 30 компания басын біріктіріпті.

«Жоба уақытында қолға алынып отыр, себебі Мемлекет басшысының өзі де айтып жүрген қандай да бір қазақстандық брендтердің пайда болуына қарамастан, тұтынушылардың тауарларымызға қол жеткізуі жөнінен қиындыққа ұшырасып жатамыз. Отандық өндірушілерге оңай емес, және біздің сауда орталықтарымызға өту де арзан емес. Қазақстандық брендтер жалдау мөлшерлемесі шетелдікке қарағанда әлдеқайда жоғары, себебі соңғылары клиенттер үшін ерекше тартымды», - деп атады «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы атқарушы хатшысы Евгений Больгерт.

Осындай қиындықтар салдарынан отандық тауардың ақтық бағасы өсіп кетеді. «Қазақстандық өнім бағасы азаматтарымызды таңқалдырып жатады: көбіне отандық киім шетелдік киім бағасымен бірдей бағада сатылады. Дегенмен тұтынушылар басқаша ойлайды, яғни бұл қазақстандық болса, ол арзанырақ, сапасы жөнінен кем түспеуге тиіс, осыны сатып аламын, дегендей. Кәсіпкердің дүкен сөресіне жай ғана өтуі үшін ғана қандай қаражат төлеуі қажет екенін ешкім де ойлап жатпайды. Бұл үлкен мәселе, сондықтан да отандық тауар өндірушілерге арналған мұндай сауда нүктелерінің құрылуы өте дұрыс жоба. Мұны басқа да кәсіпкерлер іліп әкетеріне сенемін. Бұл тәжірибені басқа салаларда да пайдалануға болады. Мұндай бастамаларда Жеңіл өнеркәсіп өндірушілері одағын міндетті түрде қолдайтын боламыз.

Егер әрбір адам бас сұғып, өзі үшін қандай да бір ұқса-түйек нәрсені сатып алып отыратын болса – осының өзі аса зор қолдау. Адамдар сатып алмаса, одан да жақсы өндіреміз деп ойлайды. Шын мәнісінде олай емес. Егер олардың тауарын сатып алмайтын болсаңыз, оның сапасын қайдан білесіз. Ал өндірушілер мұның тұтынушылар ойынан шығар-шықпасын біле алмай қалады. Бұл тұйықталған шеңбер», - деп қорытты Евгений Больгерт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер