«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Қазақстандық өнім бәсекеге қабілетті

2016 жылғы 18 Қараша
15944 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» ІІ форумына қатысты

Ұлттық палатаның басты міндеті – отандық өнімді сату нарығымен қамтамасыз ету. Бұл жөнінде, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» ІІ форумында  «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

Тимур Құлыбаевқа қазақстандық өндіріс тауарлары таныстырылды. ҰКП Төралқа Төрағасы еліміздегі ірі кәсіпорындардың өнімдері қойылған көрмені тамашалады. Тауарлармен танысып болған соң, «Атамекен» басшысы, нарыққа тікелей шығаратын тетіктерді әзірлеу қажеттігі туралы айтты.

Айта кетерлігі, қазақстандық өнім сапасы жағынан шетелдік баламалардан кем түспейді әрі ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Бұған дәлел, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне Қытайдың сұранысы артып отыр. Аспанасты елі тұрғындарының айтуынша, қазақстандық өнімдер экологиялық таза, сапалы әрі бағасы да арзан көрінеді.

Қазақстандық өнімдерді өткізу мәселесі «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің II форумының «Сатып алу. Өткізу. Сауда. Экспорт» панельді сессиясының басты тақырыбы болды. Қазақстан Республикасы соңғы 25 жылда, экономиканың түрлі салаларында отандық тауар өндіруді бір жолға қойды. Саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Ұлттық компаниялардың басшылары, «Самұрық-Қазына» қоры тобы еншілес ұйымдарының өкілдері мен бизнес-қауымдастықтар,  700-ден астам кәсіпкер талқылады.

19 қарашада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өз жалғасын табады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер