«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

2018 жылғы 10 Маусым
6804 просмотров

Жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай «Атамекен» алаңында сала қызметкерелріне қошемет көрсетілді.  

«Осынау мекерелік шараға қатысқаныма қуаныштымын. Жеңіл өнеркәсіп – қоғам үшін әлеуемттік маңызы бар экономиканың секторы. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Әрі салаға қыз-келіншектер жұмылғанын атап өткен жөн. Бүгінде жеңіл өнеркәсіптің отандық экономикадағы үлесі аз болғанмен, салаға үлкен мән беріліп келеді. Ұлттық палатамен тығыз байланыс орнатқан Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының алға қойған жоспарлары мен мақсаттары көп», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму мен өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев.

Былтыр сала көлемін арттырып, 7,3% өсу көрсетті, тігін өндірісі 11%-ға өсті. Сонымен қатар еңбек өнімділігі де 7%-ға артты. Өкінішке қарай экспорт көрсеткіші құлдырап тұр. Алайда ел нарығында отандық брендтер пайда болып, нарық талдауы мен тұрғындар арасында сауалнама жүргізілуде. Тимур Нұрашевтың айтуынша отандық өнім барлық стандартқа сай әрі көрші нарықтарға шығуға әбден лайық.

 «Бірінші кезекте біз Ресей нарығына назар аударып отырмыз. Кедергілерді азайту, мәселелерді шешу – өнеркісібін дамыту үшін барлығын жасауға дайынбыз. Бізде ДСҰ, ЕАЭО-ға қатысты белгілі бір талаптар бар және әріптестермен іскерлік байланыстар орнаған», – деді Тимур Нұрашев.  

 Жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлерін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Қуаныш Бишімов құттықтады.

 «Жұмыс барысында бұл салананың бізде барын және жұмыс істеп тұрғанына көзім жетті. Сала қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Жоспарларымыз көп. Жеңіл өнеркәсіп саласы қиын кезеңді өткерді. Осы уақытта көптеген жаңа кәсіпорындар пайда болды. Бастысы саланың жақсы дамуы жолында бізде үлкен әлеует бар. Сала қызметкерлерінің жақсы еңбек ақысының болуы, саланың жаңғыруы жолында жұмыс істейтін боламыз», – деді Қуаныш Бишімов.

 «Атамекен» ҚР ҰКП-ның 20 қызметкері ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Залға бірінші болып «ПИК «ASTANA Ютарияltd» ЖШС-ның инженер-технологі Сәуле Сейсенова келді. Сәуле апай кішкентай кезінен анасының тігін машинасы алдында жұмыс істеп отырғанын көріп өсті.

 «Анама қолқанат болып өстім, кішкентай кезімнен тігін машинасында тігуді үйрендім. Мектеп бітірген соң Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі  технологиялық институтына түсіп, 1984 жылы бітірдім. Бұл Қазақстандағы үздік оқу орны болатын. Бізге жақсы білім берілді. Бізге Мәскеу, Ленинград, Киевтен келген мамандар дәріс оқыды», – деді Сәуле Сейсенова.

Әйел қызмет жолын Оңтүстік Қазақстан облысында Техникалық бақылау бөлімінде маталар сапасын бақылаушы болып бастады. Бір айдан соң технолог қызметіне көтерілді. Сәуле Сейсенова еңбектің бағаланып, марапаттау жасалғанына алғыс білдіреді.

«Әрине, біз мерекені күтеміз. Біз үшін бұл күн қымбат. Біз әріптестерімізбен бірге жеңіл өнеркісібіне өмірімізді арнадық», –деді Сәуле Сейсенова.

 Қазақ технология және бизнес университеті технология факультетінің деканы Бэла Өмірәлиева да Жамбыл институтының түлегі. Осы кәсіпті таңдау тағдыр жазуы дейді тігінші. Мамандықты таңдау кездейсоқ болған. Алайда Бэла жастайынан тігуді жақсы көрген. Қызды осы салаға анасы машықтаған.

«Анамыз бізге әдемі көйлектер тігетін. Бірақ анамның тіккені көңілімнен шыға бермейтін, ойымда өзімнің жеке эскиздерімді елестететінмін.  Осыйлайша төрт жасымнан қуыршақтарыма киім тігуден бастадым. Алғашқы тіккен киімім пальто болды», – деді Бэла Өмірәлиева.  

Тігу жолында Бэла көп маталарды құртты, қателіктер жасады, алайда тоқтаған жоқ, әр қадам сайын кәсібін жетілдірді, майталман маман болды. Қазір Бэла Өмірәлиева Дүниежүзілік Банк грантына салынған «Сән әлемі» дизайн әрі технология институтында үлкен жобаны қолға алған.

 «Біз тігін саласындағы соңғы үлгілерді пайдаланатын боламыз. Атап айтқанда костюмдер өндірісін автоматтандыру, автоматтандырылған пішу жүйесін енгіземіз. Біздің міндетіміз – кәсіпорындардың тапсырысы бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу», – деді Бэла Өмірәлиева.  

Қонақтар арасында «ЕСКО Қарағанды нәски-шұлық фабрикасы» ЖШС маманы Людмила Романюта болды. Ұзақ жылдар бойы Людмила фабриканың бухгалтерлік жұмысын атқарып келген әрі кәсіпорын басшылығы оның қызметін жоғары бағалаған.

 «Мен осы фабрикада өмір бойы жұмыс істедім. Қарапайым бухгалтер болып келіп, фабрика үшін небір күрделі, қиын-қыстау кезеңдерді өткердік. Бүгінгі мерекемен құттықтап жатқанға дән ризамын», – Людмила Романюта.

 ҚР Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының өкілі Наталья Кузнецова «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қолынан алғыс хат алды. Өз сөзінде Наталья Кузнецова жеңіл өнеркәсіптің алдағы жоспарлары қыруар екенін айтты. Атап айтқанда Ресей мен Қытай нарығына шығу.

 Салтанатты жиын аяқталған соң Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің техникалық ғылымдар кандидаты, профессор Мұрат Мыңбаев «Бәсекеге қабылеттілікті арттыру – отандық жеңіл өнеркәсіп» индустриясында инновацияларды дамыту драйвері» атты дәріс оқыды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер