«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Барлығы картаға енгізілген

2016 жылғы 08 Маусым
8626 просмотров

Қазақстандағы шетелдік елшіліктерге Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасының ғаламторлық нұсқасы таныстырылды

Іс-шара Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өтті, оған біздің елде тіркелген шетелдік елшіліктердің дипломаттары шақырылды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жаңа интернет-ресурстың ашылуына алдын ала мұқият дайындық жасалғанын атап айтты. Әңгіме істің техникалық жағында ғана емес, сонымен бірге сайттың тұжырымдамасын әзірлеуде болып отыр. «Аталмыш өнімді әзірлемес бұрын біз өзімізге мынадай сұрақ қойдық: Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет бастау үшін әлеуетті инвесторға не қажет? Бұл ретте «Атамекен» ҰКП ықпалымен құрылып отырған қолайлы іскерлік ортамен бірге, кез келген инвесторға Қазақстанның өңірлерінде ұсынылатын мүмкіндіктер жайлы  шынайы, дұрыс ақпарат қажет», – деп атап өтті Т.Шотанов.

«Біз мына төрт түйінді сұраққа жауап беруге тырыстық: не өндіру, қай жерде өндіру, кім үшін өндіру және кіммен бірге өндіру керек. Әсіресе, Қазақстанның қандай да бір өңірінде кіммен бірлесіп әрекет етуге болатыны жайлы түсінік болғаны маңызды», – деп жалғастырды Т.Шотанов.

Картаның тағы бір ерекшелігі Қазақстанның 14 облысының әрқайсысы туралы жан-жақты ақпарат беруінде, сондай-ақ Астана мен Алматыдағы инвестициялық жағдаятты қамтуында. Пайдаланушылар ағымдағы ақпаратты ғана алып қоймай, оның ерекшеліктері, мысалы, қандай да бір нақты өңірдің географиялық орналасуы және т.б. біле алады. «Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес объектісімен шектесетінін көреміз, сондықтан мұнда көлік пен логистиканы дамытуға болады», – деп тілге тиек етті Т.Шотанов. 

Сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында шетелдік дипломаттар Карта сайтында орналасатын ақпараттың өзектілігі мен шынайылығына айрықша назар аударды. Елшілік өкілдері, сондай-ақ, Картадағы ақпарат Инвестициялар мен даму министрлігінде (ИДМ) шетелдік инвесторларға ұсынылатын мәліметтермен үйлесе ме, соған қызығушылық білдірді. Өз кезегінде таныстырылымды ұйымдастырушылар келешекте «Атамекен» ҰКП мен ИДМ сайт мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жұмысты бірлесіп жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Таныстырылымға қатысты пікірлерін айта келе, елшілік өкілдері «Атамекен» ҰКП-ның жаңа жобасына жоғары баға берді. «Біздің елшілік үшін бұл өте пайдалы ресурс болмақ, өйткені мұнда бүкіл ақпарат жинақталған және оған қоса ағылшын тілінде берілген. Себебі тілдерге байланысты және осы ақпаратқа қолжетімділікке байланысты проблемалар әрдайым кездеседі», - деді Қазақстандағы ОАР елшілігінің сауда жөніндегі ассистенті Дана Магинская  palata.kz тілшісіне берген сұхбатында.

«Әрине, біз барлық әлеуетті инвесторларға осы ресурсты ұсынатын боламыз, және де тек бизнесмендерге ғана емес, сонымен бірге ОАР-дың мемлекеттік органдарына да ол қажет. Бізде ОАР-да Қазақстан туралы ақпарат өте аз, бизнесмендерді тау-кен өнеркәсібінде, технологиялар алмасуда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қызықтырады», – деп қосты Д.Магинская.  

Картаның www.businessmap.kz сайты бір ай бұрын ғана ашылды, соның өзінде тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ, Ресей, Украина, АҚШ елдерінен сайтқа кірушілердің тұрақты ағыны қалыптасты деуге болады. Қазір интернет-карта екі тілде – ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді, алдағы уақытта қазақтілді нұсқасы да іске қосылады.

 Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер