«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылғы желтоқсан айында Өңірлік даму картасын таныстырады

2015 жылғы 02 Желтоқсан
8741 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Төраға сөзіне сүйенсек, аталмыш құжатты дайындауға көптеген сарапшылар қатысқан және жұмыстың босқа өтпегенін айтуға болады. Мемлекет басшысы осы жолғы халыққа Жолдауында өңірлерді дамытуға да назар аударды. Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келіп отыр. «Атамекен» басшысы атап өткендей, аталмыш бағыттағы жұмыс жоспары дайын әрі Мемлекет басшысының қарауына ұсынуға болады.

«Мемлекет басшысының макроөңірлер құру туралы бастамасы жеке бизнестің дамуына септесетін болады. Картаны дайындау кезінде бірінші кезекте өңірлерді мамандандыруға назар аудардық. Бұл инвесторлардың қаражатын дәл қай нысанға салу керектігін нақты білуі үшін, қандай да бір өңір спецификасына қарай бағдарлануына мүмкіндік береді», - деді Абылай Мырзахметов. Ол сонымен қатар Өңірлік даму картасының кәсіпорындар дамуына кедергі келтіруші кейбір түйткілдерді шешуге көмектесетінін айттып өтті. «Бұл бағытта жергілікті атқару органдарымен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп атады ҰКП Басқарма төрағасы. Бір айта кететіні, шетелдік инвесторларға ыңғайлы болу үшін, Өңірлерді дамыту картасы ағылшын тіліне аударылмақшы.

Абылай Мырзахметов сондай-ақ өңірлерде айналасында жаңа жобалар белдеуі қалыптасатын экономикалық өсім драйверлері – шамамен 10 мыңға жуық субъектінің анықталып қойғанын хабарлады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сөз еткен еді.

«Басты компаниялар анықталып қойды. Кімнің субъект екенін, кімге бәс тігу керектігін нақты түсіну керек. Бұл нарықта соңғы 20 жылда еңбек етіп келе жатқан, жұмысын, нәтижелерін көрсеткен,  бизнесмендер. Бәсті осыларға тігу керек. Олардың арасынан өңір көшбасшыларын таңдап алу қажет», - деп қорытты «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер