«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төлеміс Шотанов: «Карта кәсіпкерлерімізге үлкен демеу болады»

2015 жылғы 22 Желтоқсан
10570 просмотров

Келесі жылдың наурыз айында Қазақстанның өңірлерінде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы әрекет ете бастайды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп хабарлаған еді. Ол сонымен қатар Картаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындағанын айтып өтті.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары журналистерге кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

«Бұл 14 облыс пен республикалық маңызға ие екі қаладан тұратын, энергия қуаттары, энергия желілеріне қосылу көздері және т.б., ірі, орта немесе шағын бизнес кәсіпорындарына дейін көрсетілген, әрбір ауданның факторлық талдауы берілген (табиғи-минералдық ресурстар, логистика, өткізу нарықтары, кедергілер) Қазақстан картасы болмақшы», - деді Төлеміс Шотанов.

Оның айтуынша, бір қарағанда, Карта – өзінше бір сайт іспеттес. Оған кез-келген кәсіпкер кіріп, көкейінде жүрген барлық сауалдарға жауап ала алады.

«Кәсіпкерлікті дамыту картасының практикалық қолданылуы оның белгілі бір кәсіпкерлік субъектілеріне әрбір өңірдегі экономикалық мамандануды ескере отырғандағы әлеуетті мүмкіндіктерді беретіндігінде болып отыр. Картада егжей-тегжейлі факторлық талдау жасалған: қай өңірде қандай табиғи-минералдық ресурстар бар, оның логистикалық мүмкіндіктері, көршілес өңірлерде, тіпті мемлекеттерде қандай өткізу нарықтары бар және т.б. Сонымен бірге 8 мың кәсіпкерлік субъектісі арасында сауалнама жүргізіп, бизнес жүргізуге бөгет жасайтын кедергілерді анықтадық. Яғни өңірлердегі кәсіпкерлік бастаманы тиімді түрде өмірге әкелуге бөгет жасайтын шектеулер жайлы түсінігіміз болуға тиіс. Сонымен қатар субъектілік мәселесі де өте маңызды. Кәсіпкелерде қандай да бір салада немесе қандай да бір өңірде серіктесе алатын тұлғалар жайлы ақпарат болуға тиіс. Соңғысы – бұл жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырғанда жүзеге асыруға болатын әлеуетті жобалар тізбесі. Бүгінгі таңда елімізде бұдан басқа осыған ұқсас құрал жоқ болғандықтан, Карта кәсіпкерлеріміз үшін үлкен демеу болады», - деді Төлеміс Шотанов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, өсу драйверін, қаржы қаражатын инвестициялауға болатын басым бағыттарды анықтау басты мақсат болатын.

Оның айтуынша, Картаның жалпы деректер базасына 306 038 кәсіпкерлік субъектісі жайлы ақпарат кіргізілген, оның ішінде 4 249 ірі және орта бизнес субъектілері және 301 789 шағын бизнес субъектілері жайлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер