Абылай Мырзахметов: «Картада еліміздің барлық инновациялық әлеуеті берілген»
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов «Алтын сапа» Сыйлығын өткізу аясында Мемлекет басшысына Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын таныстырды.
Еліміздің 16 өңірінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту карталары жасалып жатқанын атап өтеміз. Картаны ҰКП және басқа да құрылымдар мамандары 4 ай бойы дайындады.
«Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы әрбір өңірдің басты сауалдарына жауап беруге мүмкіндік береді: өңірдің мамандануын қандай факторлар айқындайды, ол үшін қандай нарықтар басты болып табылады, қандай секторларда кәсіпкерлікпен айналысу үшін жетістіктің ықтималдығы жоғары, өңірде қандай өсу нүктелері бар, өңірдегі нақты бизнес-орта қандай, бизнестің дамуына көбірек әсерін тигізетін қандай кедергілер, бизнес-субъектілердің қайсысы даму локомативі бола алады», - деп атады Абылай Мырзахметов.
Оның сөзінше, жергілікті атқару органдары үшін, жобалық бастамалар тұрғысынан да, өңір бойынша экономикалық деректерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша да, өңірлік карта шетелдік инвесторларды тартуға арналған құрал қызметін атқаруы мүмкін.
«Өңірлік картаға өңірлер қимасындағы республиканың инвестициялық әлеуеті негіз болды, әсіресе кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндігі бар салаларда», - деді ҰКП басқарма басшысы.
Ол жалпы деректер базасына 306 038 кәсіпкерлік субъектісі бойынша, соның ішінде 4 249 ірі және ора бизнес субъектісі мен 301 789 шағын бизнес субъектісі бойынша ақпарат кіргізілгенін хабарлады.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Мемлекет басшысына бизнеске бейқаржылық қолдау көрсету жөніндегі ҰКП жұмысы жайлы да ақпарат берді.
«Атамекен» адамдарды бизнестің қыр-сырына үйретуді белсенді түрде қолға алды. Өңірлерде Бизнес-мектептер құрылып, олардың аясында «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» курстары әрекет етеді, сондай-ақ тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқыту жүзеге асырылады.
«Бизнес – оқыту экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін ұсынылады. «Бизнес-Мектеп» құрамдасы моноқалалар, шағын қалалар және аудан орталықтарындағы кәсіпкерлік бастамаға ие тұрғындарға және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған. «Бизнес-Кеңесші» - бұл ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған жеке бизнес құру жөніндегі қысқа мерзімдік оқыту. «Бизнес Өсу» - бұл әрекет етуші кәсіпкерлерде ресурстардың барлық түрлерін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру мақсатында білім беруге бағытталған бағдарлама. Тәлімгерлік қағидатымен жобалық оқыту – жобалардың нақты түрлеріне оқыту және олардың сүйемелдеу жөніндегі тар мамандандырылған бағдарлама», - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.
2015 жылғы 1 қарашаға дейінгі ахуалына қарай сервистік қолдау 30 700 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген (жоспар - 30 592), оның ішінде 60%-дан астамы аудандық деңгейдегі КҚО-да көрсетілді.
Бүгінгі күні 188 КҚО қызметі 152 аудан орталығында, республикадағы 9 шағын қалада және 27 моноқалада қамтамасыз етілген.
Жалпы, 14 мың кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқытудан өтті, тәлімгерлік қағидатымен жобалық оқытудан өткен - 910 адам, «Бизнес-Өсу» бойынша - 1 210 кәсіпкер.
«Бизнес-мектеп» жобасының аясында 15 мыңнан астам адам оқытылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: