Мемлекеттік органдардың жауапсыздығынан кәсіпкерлер зардап шекті
ҰКП Бас прокуратураға бизнестің материалды шығынын өтеп беру туралы өтінішпен жүгінді
Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблема «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі отырысында тағы да талқыланды. Мұның алдындағы кездесуде аймақтағы кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша шенеуніктердің алаяқтықпен және сенімді асыра пайдалану арқылы бизнеске мүліктік шығын келтіру фактілері қаралған болатын. Кеңес ҰКП-ға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комиетінің Экономикалық тексеріс қызметіне жүгінуге кеңес берді.
ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савленко атап өткендей, құзырлы мемлекеттік органдар шенеуніктердің әрекетіндегі (әрекетсіздігіндегі) қылмыстық-жазалау белгілерін елемей, Ұлттық палатаның өтінішін ресми түрде қараған. «ШҚО мен Қарағанды облысындағы Мемлекеттік кіріс департаменті органдары ұсынысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тиісті департаменттеріне бағыттаса, олар өз кезегінде облыс әкімдігіне жолдаған»,– дейді ол.
ҰКП кәсіпкерге келген материалдық шығын өтелу керек деп санайды. Осыған байланысты Ұлттық палата Бас прокуратураға шағым түсірмек.
Мемлекеттік органдардың кінәсінен миллиондаған шығынға батқан кәсіпкерлердің мәселелері қаралды. Солардың бірі «Инженерлік-сервистік компания» ЖШС-на қатысты іс. Кәсіпкер 2009 жылы Астана қаласы Құрылыс басқармасымен әлі аяқталмаған «Оңтүстік – Шығыс» ТК құрылысындағы мердігерлік жұмыстар жөнінде келісім-шарт бекіткен.
Нысанда бұрынғы мердігерлер жасаған сапасыз құрылыс-монтаж жұмысы анықталып, соның салдарынан салмақ түсіретін конструкцияларға қосымша жұмыстар жүргізуге тура келеді. Сол кезде компания мен басқарма арасында жұмыс бағасын өсіру және нысанды тапсыру мерзімін 2016 жылдың қыркүйек айына дейін ұзарту туралы келісім жасалады. Өзгерістер енгізілген келісімді орындау барысында серіктестік конструкцияны күшейтуде көлемді жұмыс атқарады, сондай-ақ келісімде қарастырылмаса да жұмысты атқару үшін өзінің жеке қаражатын салады.
Бірақ, Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жоспардан тыс тексерісінен кейін салмақ түсетін конструкцияларды күшейтуге жаңа жоба жасалады
«Бүгінгі жағдай мынадай. Қаулы бойынша біз алтыншы қабатты бекітуіміз керек. Тиісті жұмыстарды атқару үшін жеке инвесторлардың (үлескерлердің) қаржысы тартылды. 2010 жылы прокуратура мен қаржы полициясы біздің әрекетімізден «Үлескерлік құрылыс туралы» заңға қатысты қателік таппады. Бүгінде жағдай ушығып тұр. Құрылыс басқармасы бұл жұмыстардың ақысын «Мемлекеттік сатып алу» заңына және бюджетті үнемдеу саясатына байланысты төлей алмайды. Біздің компания құрылыс басқармасының кепіл хатына сеніп қателік жасадық және қазір инвесторлардың баспана салуға мүмкіндігі жоқ. Жеке инвесторлар 7 жыл бұрын төлеп қойған пәтерлерін ала алмай жүр, себебі «ИҚК» бұл қаржыларды құрылыс басқармасындағы лауазымды тұлғалардың қателігін түзетуге жұмсап жіберген. Адамдар әбден ашынып отыр, олар әкімдікке де, «ИҚК»-ға да сенбейді, сол себептен біз ҰКП-ға бізге көмек көрсетсе екен деп жүгініп отырмыз»,– деді «Инженерлік-сервистік компания» ЖШС директоры Ғани Жұбатқанов.
Оның сөзінше, компанияға және жеке инвесторларға әкімдіктегі лауазымды қызмет атқаратын тұлғалар 1 млрд теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген. «ИҚК» ЖШС ұжымы зардап шегіп отыр, бұл дегеніміз 250 отбасы, субмердігерлер мен инвесторлар да жапа шекті деген сөз, олардың бір бөлігі ғана үйлерін алған, тек 116-сы қалған болатын. Олар біздің адамдар, ҚР азаматары, шамамен – 500 отбасы», – деп қосты кәсіпкер.
Олег Савеленко, оқиғаға пікірін білдіре отырып, Астана қаласының құрылыс басқармасының ісін заңға қайшы деп атады, себебі конструкцияларды күшейту жұмысы тұрғын үй кешенінің негізгі жобасы болып табылады. Олар жүзеге асып жатқан жобаның сметалы құжаттарына өзгерістер мен түзетулер енгізген кезде абай болулары керек және ағамдағы құрылыс шарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды негізінен бас мердігер болып табылатын «ИҚК» ЖШС орындауы керек.
Аталған факті бойынша, Ұлттық палата Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық Бюроға мен Астана қаласы прокуратурасына елордалық құрылыс басқармасының іс-әрекетінің заңға сәйкестігін тексеруді сұрап өтініш жолдады.
Одан бөлек, Ұлттық палатаға Ақмола облысындағы Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағы жүгінген. Арыз берушінің сөзінше, Ақмола облысы Астрахань ауданы әкімдігі «Кокшетаугорсельпроект» ЖШС орындаған, сомасы 8 418 127 теңгеге тең мердігерлік жұмыстың ақысын төлеуден бас тартқан.
Белгілі болғандай, ҚБ «Астрахань аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу бойынша келесідей жұмыстарды орындау туралы келісім жасалған: «Мемлекеттік сараптамамен жобалық-сметалық жұмыстарды түзету: Жалпы сомасы 2 000 000 теңгеге тең «Ақмола облысы, Астрахань ауданы, Каменка ауылын сумен жабдықтау жүйесі құрылысы». Дегенмен, түзету жұмыстарына 2008 жылы жоба ұсынылған, бірақ оның мерзімі өтіп кеткендіктен, «ҚР Сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласы» заңына қайшы келетін. Осыған байланысты, «Кокшетаугорсельпроект»-тің өтініші бойынша Астрахань ауданы әкімдігінің қаулысындағы «түзету» сөзі «өңдеу» сөзіне ауыстырылып, жұмыс көлемі де артты. Осыған орай, келісім бойынша қосымша қаржыландыру керек болды, бұл жайлы құрылыс бөлімі бірнеше рет ақпарат жіберілді». Бірақ мемлекеттік орган өз міндетін мемлекеттік сатып алуда жарияланған конкурстың шектеулі шарттарына және келісім-шартқа сүйене отырып орындамай отыр.
«Кокшетаугорсельпроект» ЖШС келісім-шарттағы соманы ұлғайту және 5 000 000 теңге көлеміндегі төлем жайлы сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Ақмола облысының ААЭС, Ақмола облысының әкімшілік және азаматтық іс жөніндегі Апелляциялық коллегиясы кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
«Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Астрахань ауданының әкімдігіндегі лауазымды тұлғалардың субъектінің заңды мүддесі мен құқына тигізген залалдарын қарап жатыр, себебі ЖСҚ-ны әкімдік қабылдады. Әкімдік жобасын орындаймын деп жүріп шығынға батқан кәсіпкердің ақысы төленбей отыр», – деп мәлімдеді Олег Савеленко.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: