«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Digital arena- IT қауымдастық пен мемлекеттік органдардың бас қосу алаңы

2018 жылғы 11 Тамыз
9526 просмотров

«Атамекен»  төрт вице-министр  мен ІТ саласының мамандарын Astana-Hub-қа шақырды.

Бүгін Astana-Hub алаңында еліміздің ІТ қауымдастығының 250-ге таяу өкілі мемлекеттік органдар өкілдері ашық пікірталасқа шықты.  Вице-министрлер отандық стартапшылар мен тәжірибелі программистермен болашақ бірлескен жобаларды Digital arena-да талқылады. Шараны ұйымдастырғандар- ҚР «Атамекен» ҰКП мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

«Бұл- Digital arena алаңы. Біз бұрыннан қалыптасып қалған көңілсіз форматтан шығып, емен-жарқын пікір алмасу үшін осында жиналдық. Қазақстандық ІТ сала мамандары мемлекеттік органдардың автоматтандыру бағытында қандай жоспарлар құрып отырғанын, уақыт талабына сай қандай жобаларды қажет ететінін біліп соған сай бірге қадам басулары керек. Осы мақсатта біз төрт  вицеминистрді ІТ нарығымен тікелей сұхбатқа шығуына мүмкіндік жасап отырмыз. Себебі осы төрт министр өз мекемелеріндегі есептерді жақсы біледі. Ал оның шешімін ІТ сала мамандары шығарып беруге бел буып отыр. Бір айдан соң  кездесудің екінші кезеңінде ІТ нарығы өкілдері мемлекеттік органдарға бұл есептердің орындалу барысын баяндайды,»-деді ҚР «Атамекен» ҰКП  Басқарушы директоры- адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов жиналғандарға Digital arena форматының пайдалы болатынын айта келе: «Біз ортақ мәмілеге келіп, оң нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз бұдан әрі де бірлесіп жұмыс істейміз,»-деді.

ҚР «Атамекен» ҰКП  ІТ-кеңесінің төрағасы  Мирус Құрмашев іс-шараны ұйымдастыру кезінде ешқандай пленарлық жиналыс, ұзақ мазмұнды баяндама болмаса  деген ой санасына маза бермегенін айта келе:

«Мені бірде мемлекеттік органдармен маңызды мәселені  талқылауға телевизиялық хабарға шақырды. Қолыма сұрақ және жауаптары тізілген парақты ұстатты.  Мен аң –таңмын. Сонда да өз сауалымды қойып бастасам мемлекеттік органдардың өкілдері жауап беруге қиналды. Олар менен парақтағы жазылғандарды ғана айтуымды, шеңберден шықпауымды сұрады. Біз кімді алдағымыз келеді? Мен мұндайды түсінбеймін. Сондықтан да біз «Атамекенде» өткізетін іс-шарада мүлдем басқа форматта жұмыс істеуді мақсат тұттық. Министрлік өкілдері цифрландырудың болашағын қалай көреді, қалай жүзеге асырылғанын қалайды, осы жағын еркін форматта айтып берсе, деп едік. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып осы жерден табылғанымыз -қуанышты,»-деді.

Сахна төріне алғаш болып шыққан  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нәриман Мұқышев:  «Менің министрлікке келгеніме үш ай болды. Әуелгіде мен қарапайым пайдаланушы ретінде  мемлекеттік органдар не істейді деген ойда болатынмын. Іске араласқан кезде мемлекет тарпынан көп нәрселер жасалынып жатқанына куә болдым. Дегенмен бұл мәселелерді тез әрі тиімді түрде атқарсақ деген оймен Сіздерге бірнеше есептердің шешімін тауып беруге келіп отырмын»,-деді

Спикер цифрландыру бойынша бірнеше  жобаны ұсынды олардың қатарында: электронды еңбек биржасы, еңбекпен қамтамасыз ететін жекеменшік агенттік, виртуалды консультациялар. Мұқышевтің айтуынша  министрлік виртуалды консультант және өз-өзіне қызмет көрсететін киоскілер құру туралы инновациялық шешімдерді болашақта қарастырады.

«Жасанды интеллектті дамытуды тоқтатпау керекпіз.  18 млн  тұрғын, 60 терабайт мәлімет, оған қоса министерліктің data-аналитикте белсенді жобалары бар.Бір сөзбен айтақанда мұнің бәрі қарапайым халық үшін қолжетімді, түсінікті болуы керек. Мен үшін жарты жылдан соң кездесіп екі үлкен жобаның іске асқанын хабарлау зор мақтаныш болар еді»,-деді Нәриман Мұқышев.

Мирус Құрмашев жасанды интеллектті дамыту туралы идеяны қуаттай келе:

«Әрине жасанды интеллектті дамыту оңай шағылатын жаңғақ емес, дегенмен осы бағытта талпыныс жасап жатқандар бар. Мемлекетке не керек, тұрғындарға не керек, не пайдалы  деген сауалға жауап іздеу қажет»,-деді «Атамекеннің» ІТ кеңесінің төрағасы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынған жобаларына қолдау білдіріп, іске асыруға дайын екендіктерін білдірушілер залда көп болды.

Мұнымен қоса,  Digital Arena алаңында Денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев министрлік ұсынған жобаларды қаржылық тұрғыда қолдайтын  демеушіні таныстырды.

«Біз жаңа жолмен жүрмекшіміз-деді Олжас Әбішев. – 22 қызмет түрін жинадық. Мұны «Зерде» холдингі жүзеге асырмақшы. Министрлік жалпы талаптарын жазып береді, қалғаны ІТ қауымдастық құзыретіндегі шаруа.»

Ол шетелдік компаниялар келіп, 18 қызмет түрін дайындап беруге дайын екендіктерін, ол үшін бар болғаны миллиондаған доллар ақша аударса жеткілікті екендіктерін, алайда осыған дейін шетелдіктер жасаған жобалардың қазақ топырағына сіңе алмағандығын тілге тиек етті. Сондықтан да біздің жобалар өзіміздің елде ғана өміршең болатынын айтты.

«Біздің мақсатымыз-қызметтерді қолжетімді, ыңғайлы ету. Біз пациентті бізге келгенге дейін білмейміз, оған дейін немен айналысқанын, не шара қолданғанынан бейхабармыз. Бізге келгенге дейін оның денсаулық жайы қандай болғандығын да елестете алмаймыз. Сондықтан да  егер сіздер ресурстар қатарына электронды карточканы,жеке кабинетті қоссаңыздар тиімді болмақ. Онда пациент күнделікті қан қысымын, қант мөлшерін белгілеп отырса деген тілек бар. Сол сияқты пациенттің есіне жазылған дәріні уақтылы ішіп отыруы туралы хабарлап отыратын жүйе де керек».

Сонымен қатар Олжас Әбішев программистерге көмек ретінде тестік серверлерді ұсына алатындықтарын айтты.

Денсаулық вице –министрі еліміздегі аппараттардың құны мен жетіспеушілігін атап өте келе, қазір Қазақстанда 6 ЖОО медиктерді даярлау ісімен айналысады. Алайда мамандардың біліктілігін жетілдірумен айналысатын бірыңғай жүйе жоқ, сонымен бірге жүрекке, бұлшық етке, өкпеге массаж жасайтын аппараттарды, сутекті жастықтарды цифрландырса, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді автоматты жүйелер арқылы түсіндірсе мәселе дұрыс шешімін табатындығын айтты.

Қазақстанда 10 мың бала бақша, 7 мыңнан астам мектеп, 1 мыңнан астам білім беретін орталықтар бар. Бұл мекемелердің барлығында дерлік электронды күнделік бар,-деп мәлімдеді ҚР БҒМ вице-министрі Рүстем Биғари.

«Еліміздегі 12 мектептің ішінде болып жатқан жүзеге асырылған іс-шаралардың барлығын бақылап, хабардар болғымыз келеді. Біздің ұсынысымыз осы 12 мың мектепті ақпараттық тормен қамту керек. Мысалы мұғалым қай мектептен кетті, қай мекемеге жұмысқа орналасты, барлығын көріп отырсақ деймін,»-деді.

«Біз мәселені шешумен айналысып келеміз, британдық тәжірибеге сүйеніп отырмыз. Дегенмен ақпараттық жүйелерді жоспарлау процессі жолға қойылмай келеді. Дәл қазіргі сәттерде біз жүйені жеңілдетуге, ыңғайлы етуге талаптанып жатырмыз. Микросервистік архитектураларды, мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру керекпіз», - деді ҚР Қарды вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Қазіргі таңда министрліктің ел тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып ашық сұхбат алаңын құрған. Десе де жер телімдерін алу, рәсімдеу бойынша мәселелер туындап отырады.

Министрлік стартапшыларды осынау проблемалардың оңтайлы шешімін табуға жұмылуға шақырды.

Вице –министрлер бір сағаттан астам уақыт ІТ саласы мамандарына сан-алуан сұрақтарына жауап берді.

Алдағы  уақытта «Атамекен»  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен  «Зерде» «Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингімен» бірлесіп  өзекті сауалдардың пулын дайындап, программистер және мемлекеттік органдармен  Digital аrena алаңында  талқылауға ұсынатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер