«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ЭКО», «БИО», «Органик» - түсініксіз тұстары баршылық

2017 жылғы 30 Қаңтар
13491 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында органикалық өнімдерді шығару, сату және оларды бақылау мәселелері талқыланды

Мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысқан кездесу «Атамекен» ҰКП-ның бастамасымен өтті. Естеріңізде болса, бұған дейін Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті, «ЭКО», «БИО», «Органик» белгілерімен таңбаланған және отандық органикалық өнімдерді шығарумен және оларды әкелумен айналысатын кәсіпкерлерге, бұдан былай өнімдер бақылауға алынатыны туралы хабарлама жолдаған еді.

Осылайша, отырысқа май, сүт өндірісі мен құс өсіру саласы өкілдері және сауда кәсіпорындары, экология және экологиялық жер өңдеу саласындағы бірлестіктердің өкілдері мен аталған өнімдерді шығарушылар қатысты.

Мәселені тереңінен байыптау мақсатында, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне импортталған және отандық органикалық өнімдерге әрқайсына жеке тоқталу туралы өтініш білдірді.

Импортталған өнімдерге қатысты, Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасовтың айтуынша, «ЭКО», «БИО», «Органик» белгілерімен таңбаланған импорт өнімдерінің міндетті түрде, экспорттаушы ел инпекциясынан алған сертификаты болуы тиіс. Бұл ретте, аталған сертификат, импорттаушы тарапта 2 жылдан астам уақыт бойы сақталуы қажет екен. Мұндай талап, комитет төрағасы орынбасарының жеткізуінше, Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндетіне сәйкес, «Кодекс Алиментариус» құжатына сай қолданылып отыр.

Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша, кәсіпкерлерге  «Кодекс Алиментариус» құжатын пайдалану реті де беймәлім болып отыр (тікелей әсер ететін құжат немесе ұлттық НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) әзірлеу барысында қолданылады ма, ұлттық заңнама болған жағдайда немесе олардың арасында түсініспеушілік орын алған уақытта оны қалай қолдану керек, ресми данаға қолжетімділік мәселесі және т.б.).

Осыған орай, жақын арада, ұлттық экономика, сыртқы істер, әділет министрлігі мен ҰКП-ға тиісті сауалдар жолданады деп жоспарланып отыр.

Отандық өнімдерге қатысты, Н.Сәдуақасов, отандық органикалық өнімдерді өндіру ісі Қазақстан Республикасының «Органикалық өнімді шығару туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылып, органикалық өнім мен органикалық өнімді шығарушыда қазақстандық сәйкестік сертификаты болуы тиіс және ол органикалық өнімнің ұлттық белгісімен таңбалануы керек, деді.

Бизнес өкілдері, өз кезегінде, өнімдерді сертификаттаудағы «ЭКО», «БИО», «Органик» белігелерімен таңбалауға қатысты заң талабын орындау мүмкін емес деген пікірді алға тартты. Олардың айтуынша, органикалық өнім және органикалық өнімді серитификаттау жүйесі жолға қойылмаған көрінеді. Бұл, өз кезегінде, отандық кәсіпкерлер үшін «өтпелі кезең» енгізудің қажет екенін көрсетеді дейді кәсіпкерлер.

Аталған талаптар бойынша, Н.Сәдуақасов пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, өнімді шығаруға және өнімді сертификаттауға арналған жүйе жоқ екенін растады (стандарттар, өндірісті сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар, сәйкестік белгісі мен аттестациядан өткен сарапшы-аудиторлар және т.б. жоқ).

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың және салалық қауымдастықтар мен одақтардың айтуынша, Қазақстан аумағында отандық органикалық өнімді сату мүмкін емес екен. Ал, шетелдік органикалық өндіріс жүйесіне сәйкес деп табылған импорттық өнімдер, ел нарығында қолжетімді көрінеді. Осылайша, нарықта импортталған өнімнің басымдыққа ие болуы салдарынан, отандық тауар өндірушілер зардап шегіп, олармен бәсекеге түсуде тең жағдай жасалмай отыр деп шағымданды қатысушылар.  

Бұл ретте, Гүлмира Исаева, жиын қатысушыларына заң талабын орындауға қатысты қолға алынып жатқан бірқатар шаралар туралы айтты. Оның ішінде, 2017 жылдың соңында, қазіргі таңда органикалық өнім шығарумен айналысып келе жатқан отандық тауар өндірушілерде (негізінен Қостанай және Алматы облыстарында орналасқан), халықаралық талаптарға және импорттаушы-ел талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында өнімді сертификаттауға жол ашатын шара да бар.

Сонымен бірге, Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу мен метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, органикалық өнімдер стандарттарын әзірлеу және сарапшы-аудиторларды аттестациядан өткізу мәселелеріне қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ал, сүт өндіру саласы өкілдері, «био-» қосымшасы бар сүт өнімдерін қолдануға қатысты бірқатар проблемалардың орын алғандығын жеткізді.

Бизнес-қоғамдастық, сонымен қатар, Экологиялық кодекс пен заң ережелерінің қарама-қайшы тұстарына тоқталып, аталған мәселе мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыру мен ережелерді орындау барысында  түсініспеушілік тудырады деген пікір білдірді.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере келе, жиын қатысушылары, мәселені қайта қарау қажеттігіне тоқталып, Бас прокуратура тарапынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деген тоқтамға келді.

ҰКП-ның бұл бағыттағы жұмыстары өз жалғасын табады, ал қандай да бір мәселеге қатысты сауалдарыңызды + 7 7172 919-330 телефон нөміріне хабарласып, қойсаңыздар болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер