«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Эйр-Астана» компаниясы отандық аяқ киімнен Монака туфлиін артық көріп отыр

2015 жылғы 29 Қазан
11794 просмотров

Қазақстандық аяқ киім өндіретін компания стюардессалар аяқ киіміне жарияланған тендерді жеңіп шыға алмады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ұзақ мерзімдік келісімшарттар аясындағы ынтымақтастықты талқылау үшін, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниялары мен отандық өндірушілер кезекті бас қосуға жиналды. 2016 жылдан бастап ЕАЭО-ға кіруіне байланысты Қазақстанның қазақстандық мазмұнға артықшылық бере алмайтыны белгілі, сондықтан да қазір қордың барлық еншілестері алдында тұрған міндет – жыл соңына дейін отандық өндірушілермен ұзақ мерзімдік шарттар санын барынша көптеп жасасу. Алайда, бұған қарамастан, соңғылар тарапынан тендерлердің әділетсіз өткізілуіне қатысты жазғырулар айтылуы жалғасуда.

«Эйр-Астанамен» жұмыс жасауға үш жыл бойы талпынып келеміз. Шағын қақтығыстар да орын алды. Олар борттағы жолсеріктер үшін әйелдер мен ерлердің туфлиіне тендер жариялаған болатын. Оларға көптеген үлгілерді ұсындық. Өкінішке орай, көңілдерінен шықпады. Дегенмен мемлекеттік стандартқа сәйкес тіккен едік. Олар ақырында аяқ киімді Монакодан 47 еуродан сатып алды. Бізбен ғана жұмыс жасаңдар демеймін, бірақ отандық өндірушілермен жұмыс жасаңдар. Қазақстанда ондай 8-9 компания бар», - деп мәлідеді «Самхат» аяқ киім фирмасы директорының орынбасары Асқат Исабеков отырыста.

Алайда, оның айтуынша, жақында авиакомпания тендерді дәл осы отандық өндірушілер арасында жариялаған екен. «Біз де қатыстық, бірақ олармен тағы да келісе алмай қалдық», - деп атады ол.

Жағдайға «Эйр-Астана» компаниясының сатып алулар жөніндегі вице-президенті Диляра Күнқожаева түсінік берді. «Борттағы жолсеріктерге арналған аяқ киім ұшуда сыналады, өйткені биіктікте жұмыс жасау кезінде адамдардың аяқтары ісініп, ауыратын жағдайлар болады. Бірнеше өндірушілердің аяқ киімдері сыналды, бұл ұзақ процесс болды, пікірлер жиналды. Нақты сіздердің аяқ киімдеріңіз бойынша ескертулер болды, олар сіздерге ұсынылды. Содан кейін екінші тендер жарияланып, оған келген жоқсыздар. Негізгі ескертулердің бірі сіздерде супинатордың темірден жасалуы еді, себебі ол металліздегіште шылдырлайтын болады», - деді ол.

Кәсіпкер өз кезегінде мемлекеттік стандартқа сәйкес супинатордың металдан жасалуға тиіс екенін айтып, қарсылық білдірді. «Егер пластиктен жасасақ, сәйкессіздік орын алады», - деді ол.

«Бізде мемлекеттік стандарттан басқа қосымша талаптарымыз бар. Мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндіктеріңіз жеткіліксіз», - деп жауап берді оған Диляра Күнқожаева.

Отырыста сонымен қатар Алматыдағы «Азиза» тігін кәсіпорнының өкілі Сәуле Күзекова өз түйткілін жеткізді. «Өкінішке орай, өніміміз импорттық құрамдасқа ие. Сондықтан да бағаның қайта қаралуын сұраймын. Арнайы киімге орнатылатын баға тым төмен. Жұмысымыз өте ауыр. Тігін кәсіпорындары – бұл, ең алдымен, әйелдер, көп балалы аналар мен басқа да халықтың әлсіз топтары», - деді ол.

«Самұрық Қазына Контракт» жергілікті мазмұн департаментінің директоры Ербол Беков оған, егер компания тауарының өзіндік құнының калькуляциясын ұсынса, мұндай мүмкіндікті қайта қарауға уәде берді. «Түсіністік таныту сұралып отыр, біз де қайта қарайтын боламыз», - деді ол.

Павлодар облысының «Сағып» шаруа қожалығынан да қызықты ұсыныс айтылды. Ол «Эйр-Астанаға» борттағы жолаушыларды тамақтандыру үшін қымыз жеткізіп тұруға коммерциялық ұсыныс жасаған екен. Бірақ жауап келмеген. Павлодарлық кәсіпкерлер қойған сауал: әуе компаниясы жолаушыларының ас мәзіріне қымызды кіргізу жалпы жоспарда бар ма?

«Эйр-Астананың жеке борт-цехы жоқ, ол әуежайларға тиесілі. Олармен шарттар жасасамыз да, сол борт-цех бізге ас мәзірі нұсқаларын, азық-түлік және т.б. ұсынады. Жауап алмаған себебіңіз хатты борт-цехқа қайта жолдағандығымыздан болар. Қымыз туралы нақты айта алмаймын, хатыңызды біздің негізгі жеткізушіміз болып табылатын «ACS» компаниясына жолдауды ұсынамын. Сонда олармен бірге осыған қатысты не істеуге керектігін шешетін боламыз», - деп жауап берді оларға Диляра Күнқожаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер