«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби біліктілік үшін рахмет!

2015 жылғы 08 Маусым
8462 просмотров

ҰКП сарапшысы тендер процедурасындағы бұзушылықтарды анықтады

«DAMU Invest» ЖШС басшылығы ресми хатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаментінің сарапшысы Тимур Дүйсебековке «Павлодар Әуежайы» АҚ тендерлік комиссиясының бұзушылықтарын жедел анықтағаны үшін, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің» кейбір ережелеріне қатысты кәсіби консультация бергені үшін алғыс айтты.

ҰКП сарапшысының айтуынша, «DAMU Invest» ЖШС Палатаға «Павлодар Әуежайы» АҚ өткізген тендер қорытындысын тексеруді және «K-Company» ЖШС компаниясының заңды негізде жеңімпаз деп танылғанын анықтауды сұрап жүгінеді.

«DAMU Invest» ЖШС берген ақпаратқа сәйкес, «K-Company» ЖШС компаниясы тендерлік өтінім бере отырып, ашық тендерге қатысу құқығына сенімхат ұсынады.

Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алулары ережесінің 49 тармағы 16 тармақшасына сәйкес, ашық тендерге қатысуға өтінім әлеуетті жеткізушінің мүддесін танытатын тұлғаға (тұлғаларға) берілген тендерге қатысуға өтінім құрамындағы құжаттарға және өтінімге қол қою құқығына сенімхаттың нотариуспен бекітілген сенімхат көшірмесінен немесе оның түпнұсқасынан тұруға тиіс.

«Бұл құжат (сенімхат – авт.еск.) сонымен қатар баға төмендетуге қосымша баға ұсынысын беру құқығын береді. Сенімхатсыз, компания жарғысына сәйкес, тек оның атынан сенімхатсыз шығу құқығына ие әлеуетті жеткізуші-кәсіпорынның бірінші басшысы ғана шыға алады», - деп түсіндірді Тимур Дүйсебеков.

Осылайша, «Атамекен» ҰКП өкілінің сауатты да білікті әрекетінің арқасында тендер нәтижелері күшін жойды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер