«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық IT-компанияларға қолдау көрсетілмек

2016 жылғы 04 Қараша
11606 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы өкілдері бас қосты

Онда «Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық мәселелері қаралып, Қордың трансформация жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру аясында отандық бағдарламашыларды тарту және жергілікті ІТ-компаниялардың қызмет көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, кездесуге қатысушылар ІТ-технологиялар саласында бірлесе жұмыс жасау мәселелерін ары қарай жүзеге асыру турасында өз пікірлерін білдірді. «Самұрық-Қазына» қорының бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюстің айтуынша, қазір олар ІТ-мамандарды тартып жатыр. Себебі, Қазақстанда ІТ-технологиялар саласының әлеует жоғары.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобын құру туралы келісім жасалып, оның құрамына бұл кездесуде қызығушылық танытқан тұлғалар енеді деп шешілді. Болашақта бұл жұмыс тобының кездесулері аясында ІТ-саласындағы бірлескен шараларды қолға алу жалғасын табатын болады. Осылайша, Қор мен Қазақстанның ІТ-компаниялар қауымдастығы арасындағы қолға алынбақ бірлескен жұмыс арқылы  жергілікті ІТ-мамандар өз қызметтерін көрсете алатын аймақтар анықталатын болады.

Астана және Алматы қалалары, сонымен бірге барлық Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының жанында жұмыс топтары барын және олардың құрамында Қор компаниялар топтары мен жергілікті кәсіпкерлер барын атап айту керек. Бұл алаңдар туындаған мәселелерді ашық талқылап, ондағы шешімдерді ІТ-саласындағы келісімдер аясында қолданады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл пікір алмасуға ІТ-саласындағы барлық мамандар, компаниялар мен кәсіпкерлер қатысуы керек.

Сонымен бірге, Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» секілді арнайы экономикалық аймақ алаңдарында өзге де қазақстандық ІТ-компаниялардың мүмкіндіктерімен танысу туралы ұсыныс айтылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, бұл отандық кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ал бұл дегеніңіз Ұлттық палата міндеттерінің бірі болып саналады.

Еске салсақ, биыл мамыр айында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» қорының еншілес сегіз компаниясы отандық өндірушілерді қолдау және олардың мүдделерін қорғау үшін ынтымақтастық туралы келісім жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер