«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендегі заңсыздыққа жол берілмейді!

2015 жылғы 22 Шілде
10183 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік табыс комитетінде шығарылған бұйрық салдарынан сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру мүмкін болмай отыр

Осы жылдың 11 маусымында шыққан «Тауарлардың жекелеген санаттарын шартты шығаруды ұйымдастыру туралы» Мемлекеттік табыс комитеті Төрағасының міндетін атқарушының бұйрығы жабдықтар мен материалдар әкелумен айналысатын кәсіпкерлер үшін көптеген түйткілдер тудырады. Осы сәттен бастап Ұлттық палата атына бизнесмендердің, салалық қауымдастықтар мен Өңірлік палаталардың көптеген өтініштері келуде.

Бұйрыққа сәйкес, кеденшілер тауарлардың жекелеген санаттарын шартты шығару туралы шешімді тек қана кедендік қызметке жетекшілік ететін департамент басшысы орынбасарының оң шешімі негізінде қабылдай алады. Мұндай шешім болмаған жағдайда ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитетінің аумақтық бөлімшелері кәсіпкерлердің тауарларын шығарудан бас тартады. Палата сарапшылары тауарды шығару туралы шешімнің іс жүзінде жеке-дара қабылданатынын атауда.

Ұлттық палатаның ойынша, құжат ҚР Кеден кодексінің ережелеріне және «Мемлекеттік табыс органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау ережелері» қағидаларына қайшы келеді. Бұйрық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қосымша әкімшілік кедергілер келтіреді.

Ал Кеден Кодексінің 302 бабында тауарларды шығарудан бас тарту жағдайларының толық тізбесі белгіленген. Бірақ Мемлекеттік табыс комитетінің бұйрығында Кодексте берілмеген «сонымен қатар шартты шығаруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде» деген қосымша жағдай белгіленген.

Палата сарапшылары Кеден Кодексінің нормаларын жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік табыс органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау ережелері» жасалғанын атауда. Бұл құжат тауарларды кедендік процедураларға орналастыру кезінде оларды шығару және кеденік тазартумен байланысты операцияларды жасау кезіндегі кеденшілердің әрекеттерін аса нақты түрде айқындайды.

Ереженің 3 тармағына сәйкес, тауарларды тазартуды «мұндай кеден операцияларын лауазымдық (функцияналдық) міндеттемелерге сәйкес жасауға уәкілетті кедендік бекеттердің лауазымды тұлғалары» жүзеге асырады. Бірақ бұйрықтың жекелеген нормалары тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың уәкілеттілігін шектейді, ал басқалары – Ереженің бұрыннан бар қағидаларын қайталайды.

Ақырында Мемлекеттік табыс комитеті шығарған құжаттың мағынасы түсініксіз болып кетеді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Республиканың Қаржы министрі Бақыт Сәрсеновке жағдайдың ақ-қарасын ажыратуды сұрап, ресми хатпен жүгінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер