Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сингапурмен тәжірибе алмасты
Жоғары оқу орындары рейтингінде 22 орын алған университет – Сингапур Ұлттық университетінде Қазақстанның экономикалық тәжірибесі оқытылады. Астанаға бір апталық сапармен қала-мемлекеттен студенттер мен профессорлар келіп жетті. Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген қонақтарға қазақстандық елорда айтарлықтай мазмұнды бағдарлама даярлаған екен. Мұнда оларды ұлттық компаниялар, қорлар мен қауымдастықтардың жетекші қызметкерлерінің шеберлік сабақ түріндегі дәрістері күтіп тұр. Алғашқылардың бірі боп «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз қызметі жайлы айтып берді.
«Бізге Назарбаев университеті жүгінді, олармен түрлі бағдарламалар аясында ынтымақтастықтамыз. Шеберлік сабақтары онда жиі өткізіледі, біздің мамандар мен шетелдік сарапшылар шақырылады. Назарбаев Университетінің вице-президенті ҰКП-ға жүгініп, сингапурлық студенттердің Қазақстан экономикасына, соның ішінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыс тәжірибесіне деген қызығушылығы жайлы айтып берді. Біз қуана келістік және Қызметкерлерді басқару жөніндегі департамент ретінде ыңғайлы формат таңдауға, жас мамандарымыздың сөйлеуіне, үлкен аудитория алдында өзін көрсетуіне және біздің қызметіміз туралы барлық ақпаратты беруіне мүмкіндік беруге тырыстық», - деді сұхбатында «Атамекен» ҚР ҰКП Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Асқар Жақаев.
ҰКП атап өткендей, мұндай кездесулер бірегей – бір жағынан бұл брендті event, екінші жағынан тәжірибе алмасу әрі оқу. Жетекші мамандар ҰКП жайлы презентация барысында Қазақстанның ірі бизнес қауымдастығының құрылымы туралы, басқа қауымдастықтармен, ұлттық қорлармен және холдингтермен бірлескен жұмыс туралы, сондай-ақ кәсіпкерлерді қорғау, бизнесті қаржылай қолдау, қызмет көрсету орталықтары мен бизнесті қолдау орталықтарының қызметі туралы әңгімеледі. Осының бәрін ҰКП қызметкерлерінің ағылшын тілінде жасағанын атап өту керек. Сингапур делегациясының құрамында 30 студент бар және олардың көпшілігі болашақта бизнеспен айналысуды жоспарлайды екен.
«Халықаралық білім беру тәжірибесі әрекет етеді. Осындай көшпелі шеберлік сабақтарынан кейін студенттер, ережеге сай, отанына оралған соң курстастарымен тәжірибелерімен және алған білімімен бөліседі. Бұл барлық жерлерде де бар және олардың Сингапурда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы да сөз қылатынына сенімдімін. Презентация кезінде олардың әуестенушілігін байқадым және олар біздің мамандардың Палата қызметі жайлы ақпаратты жеткізгеніне қызықты», - деп атады Асқар Жақаев.
Шетелдік жетекші оқу орнының студенттері де кездесуден кейін әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін қалай қолданатындықтары жайлы сөз қылды.
«Ұйымның мүшесі көп екен, мүмкіндіктері көп. Маған ұнады. Сингапурда осыған ұқсас ұйым бар. Бірақ енді өзіміздікіне қарағанда қазақстандық Палата туралы көбірек білетінімді мойындаймын», - деді әлеуметтану факультетінің 1 курс студенті Вун Чжэнь Шой.
ҰКП презентациясы сингапурлық студенттер үшін айрықша ерекше аяқталды. Барлық тыңдаушыларға Қазақстан жайлы естелік ретінде ұлттық тақиялар сыйға тартылды. Сингапур университетінің студенттері Астанада өтетін бір апталық білім беру туры бойында «Самұрық» ҰӘҚ, «Астана ЭКСПО-2017» және «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында болып қайтады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: