«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сингапурлық студенттер ҰКП-да тағылымдамадан өтті

2016 жылғы 28 Маусым
8407 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда алғаш рет Сингапур ұлттық университетімен ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі зерттеу жүргізетін алаңға айналып отыр

Ынтымақтастық 2015 жылдың мамыр айында, Сингапур университеті дамушы елдер экономикасын зерттеу мақсатында Қазақстанға келіп, елдің ірі тұлғаларымен (Назарбаев Университеті, ҰКП, «Самырұқ-Қазына» және өзге де ұйымдар) кездесу өткізгенінен кейін басталып кеткен. 

Нәтижесінде олардың таңдауы ҰКП-ға түскен, себебі дәл осында олар бизнес-кейстер мен трендтерді зерттеуге арналған үлкен мүмкіндіктерді көріп отыр. Жоба үйлестірушісі бола тұра, ҰКП ұжымды басқару департаменті Назарбаев Университетімен және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен ынтымақтаста отандық ұйымдарда шетелдік зерттеуші студенттерге арналған тағылымдамадан өту бағдарламасын енгізген, мұнда «Атамекен» пилоттық жобаға айналып отыр.

2 сингапурлық студент, «менеджмент» саласы бойынша білім алатын Фабиан Хо және психолог мамандығы бойынша оқып жүрген Тан Тинли 25 мамырдан бастап ҰКП-ның іші-сыртын зерттеуге кірісіп кеткен. Ұжымды басқару департаментінен тағылымдамадан өту барысында олар Қазақстан мен Сингапурдағы бизнесті жүргізудің салыстырмалы талдауын жасап, фокус-топпен, яғни Қазақстанда өз бизнестерін жүргізіп отырған ҰКП департаменттерінің көптеген басшыларымен сұхбат құрды.

Шетелдік тағылымдамадан өтушілер бос уақытында ҰКП қызметкерлеріне ағылшын тілін меңгеруде көмек берді, сонымен бірге білім алмасу мақсатында қазақстандық студенттерге ҚазМЗУ Жоғарғы бизнес мектебінде тайм-менеджмент пен  SWOT  стратегиялық талдауын жасау тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Сонымен бірге, сингапурлықтар «Болашақ» Президенттік стипендиялық бағдарламасы» жобасымен танысты. Аталған кездесу нәтижелері бойынша «ХБО» АҚ ҰКП тәжірибесі базасында шетелдік студенттерге арналған осыған ұқсас тағылымдамаларды Қазақстанның барлық ірі компанияларында іске қосу бойынша жұмысты бастап кетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер