«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай бизнесмендері қазақстандық әріптестерімен серіктес болуға дайын

2015 жылғы 08 Қыркүйек
11337 просмотров

Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлер делегациясы өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын талқылау үшін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында болып қайтты

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитовпен кездесу барысында Қытайдан келген іскер топтар өкілдері қазақстандық әріптестермен әрекеттестіктің түрлі форматтарын ұсынды, бірлесе орындауға болатын жобалар жайлы сөз етті, өзара тиімді серіктестіктің басқа да нұсқаларына қызығушылық танытты, инвестициялар тарту мәселелерін талқыға салды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ең алдымен бизнес пен билік арасындағы келіссөздік күшті қатайту үшін құрылғанын баса көрсетіп, оның қызметі жайлы айтып берді. Мейірбек Мәжитов  «Атамекеннің» Қазақстан Республикасындағы күллі кәсіпкерлік-қоғамдастықтың мүддесін танытатынын, сонымен қатар Қазақстан ішінде де, сыртқы нарықта да кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсететінін атап өтті.

«ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Жаньхуэй белсенді қолдауымен Қытайдың бизнес-қоғамдастығымен айтарлықтай тығыз ынтымақтастықтамыз. Мәселен, осы айда ғана үш іс –шара белгіленген – іскерлік миссииялар, қытай кәсіпорындарына бизнес-турлар, онда Қытайдың экспорттық әлеуетінің мүмкіндігі, сонымен қатар өндірістік технологиялар саласындағы инновациялар ұсынылады. Оны ауыл шаруашылығында, тамақ саласында қолдана аламыз. Бұл кездесулер жемісті болады деп ойлаймын», - деп атады Сыртқы сауда палатасының төрағасы.

Қытайлық кәсіпкерлер өз кезегінде іске жұмыла кіріссе, табысты болуы мүмкін қазақстандық жобаларға қызығушылық танытты. Аспан асты елінен келген бизнесмендерінің айтуынша, табиғи ресурстарға бай, ауыл шаруашылығын жүргізуге құнарлы топырағы бар Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ынталандыруды жаратқанның өзі қалап тұр. Қытайлық бизнесмендерді Қазақстанның жағымды инвестициялық климаты да тартады.

«Біздің кездесу кәсіпорындар үшін біршама көп қызығушылық тудыратын басым салаларды анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қытай компанияларымен тікелей байланыстар орнатуға, екі ел кәсіпкерлері арасында ынтымақтастық ауанын жасауға сеп болады», - деп атады Юг-Юг (CPSSC) ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі қытай комитетінің төрағасы Люй Синхуа.

Оның айтуынша, Қазақстан елге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша белсенді саясат жүргізеді және осы саладағы құқықтық базаны үздіксіз нығайтып отырады.

«Қазақстан Үкіметінің тікелей инвестицияларды заң жүзінде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететінін білемін: инвесторлар мүддесін қорғайтын инвестициялар туралы жаңа заң дайындалды», - деді Люй Синхуа.

Оның сөзінше, Қытай Халық Республикасының құрылғанынан бері 60 жылдан астам уақыт өткен, ал осы уақыт ішінде ашықтық саясатын жүргізіп келе жатқанына - 30 жыл. Осы кезең ішінде қытайлықтар елінде өнеркәсіптің салыстырмалы түрде берік іргетасын қалап үлгерді. Бүгінде Қытайда қайта өңдеу салалары едәуір жақсы дамыған, қуатты өндірістер құрылған.

Кездесу барысында аталғандай, қос мемлекеттің басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Сонымен бірге қытайлық қонақтар ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алға тартқан Ұлы Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру туралы бастама Қазақстан Республикасы Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан құпталғанын ескертуді ұмытпады. Ал Қазақстан басшысының Аспан асты елінде жақында ғана өткізген кездесуінде қытайлық көшбасшы түрлі салалардағы елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы тағы бір айтып өткен еді.

Осыған орай, Қытайдан келген делегация ҰКП-да өткен кездесуде ынтымақтастықтың жарқын келешегі жайлы мәлімдеді. Сөйтіп, былтырғы жылы Пекинде саясатта, мәдениетте, ғылымда және техникада, білім беруде кең салаларды қамтитын Бүкілқытайлық коммерциялық емес біріккен ұйым Юг-Юг – Ынтымақтасуға жәрдемдесу комитеті құрылды. Бірақ Комитет қызметінің басымдылықты бағыты – қытайлық компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына септесу.

Ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитет басшысы жеткізгендей, қазір Қытайда халықаралық өдірістік қуаттылықтарды саудалау жөніндегі интернет-желі құрылуда, ол екі ел кәсіпкерлерінің онлайн режимде араласуына мүмкіндік береді.

Делегация мүшелерінің арасында (30-дан астам адам) Қазақстанда бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан қытайлық кәсіпорындар басшылары бар. Бірақ бұл жолы бірлескен бизнес ашуға деген сеніммен елімізге алғаш келгенлер де болды. Сонымен, қытайлықтар күн батареялары өндірісі бойынша бірлескен жоба ұсынды. Оған қаржылай сүйемелдеу ұсынуға да дайын (80 %-дан астам). Қытайлық серіктестер сонымен қатар электр энергетикасы инфрақұрылымын салуға мүдделі.

Бір айта кететіні, Пекин Банкі Қазақстанда қытайлық компанияларға қаржылай көмек көрсетпекші. Онда жылдық 6,5 % мөлшерлемемен кредит беріледі.

Қазақстандағы ҚХР елшісі берген ақпарат бойынша, Қазақстан аумағында Жібек жолы Экономикалық белдеуіне тартылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кредит берумен айналысатын қазақстандық-қытайлық банк құру ұсынылып отыр. Қытайда германдық аналог бойынша шығарылатын жоғары технологиялы медициналық жабдықты жеткізу жөніндегі ұсыныс та келіп түсті.

Цемент өндірумен айналысатын бизнесмендер де өз қызметтерін ұсынды. Бірақ, ҚР Рентабельділікті және инвестицияларды зерттеу жөніндегі агенттіктің басқарушы директоры Бақыт Құсайынов атап өткендей, бұл бағытта, ең алдымен Қазақстандағы нарық қажеттіліктерін зерттеу қажет.

Кездесуде JUMORE қапталмаған жүктің күллі желісі саласындағы әлемдегі алғашқы шетелдік электронды коммерциялық платформа таныстырылды. Қытайдан келген қонақтар айтып өткендей, компания е-коммерция, онлайн-қаржыландыру, жаһандық сатып алулар, виртуалды (бұлтты) қойма, интернет заттар, өндірістік өнеркәсіп үшін жүйені қамтамасыз етуші жеткізу тізбегі қаржысы, конъюнктураны зерттеу орталығы, фьючерстерді хеджерлеу орталығы, ақылды логистика және т.б сияқты қызметтердің басын қосады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер