«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР мектептері, колледждері, жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні енгізілді. Жоба  «Жастар жылын» өткізу жөніндегі жол картасының 11-тармағына сәйкес, толық өңірлік қамтумен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барлық жұмыс берушілердің мүддесіне өкілдік етуін ескере отырып, сондай-ақ жастар арасында кәсіпкерлер үлесін арттыру мақсатында қолға алынған.

 Енді Кәсіпкерлік негіздеріне мектептер мен колледждерде оқытады. «Атамекен» ҰКП жоба ұйымдастырушы ретінде өскелең ұрпақты бизнес саласына баулудың алдында оқытушылар мен мұғалімдердің экономика саласындағы біліктілігін арттырады.

2019 жылдан бастап  ҚР-да жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»  электив пән енгізілді.

2021 жылғы қыркүйектен бастап «Кәсіпкерлік қызмет негіздері»  пәні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖБС) негізгі пән ретінде енгізіледі.

 2019-2020 жылдары «Атамекен» жалпы білім беретін мектептердің 3671 мұғалімі, колледждердің 1220 оқытушысына арнап кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді.

 Осы екі жыл ішінде ел ауқымында 127 672  оқушы білім алатын  3476 мектеп «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқу бағдарламасына енгізді. Колледждердің 92,5 мың студенті кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

 «Атамекен» ҰКП жобаны іске асыру барысында Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған кәсіпкерлік және бизнес негіздері бойынша бағдарламалар әзірледі, пәнді оқыту бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазылып, басып шығарылды.Ооқушылар, студенттер, оқытушылар және ата-аналар оқулықтарға қатысты оң пікір білдірді.

Кәсіпкерлерге тегін білім беру мақсатында Atameken Academy білім беру платформасы құрылды. atameken.co  онлайн платформасында оқушылар мен оқытушылар үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша бейнесабақтар мен қосымша материалдар дайындалды. Atameken Stars стартаптардың республикалық онлайн-байқауы және Ozgeris бизнес-инкубаторы ұйымдастырылып, өткізілді.

2021 жылдың маусымынан бастап мектептердің 1500 мұғалімі мен колледждердің 499 оқытушысына арналған біліктілік курстарын өткізу процесі басталды.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер