«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаржылай емес қолдау

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №626 қаулысымен «Атамекен» ҚР ҰКП бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, экономиканың түрлі салаларында көрсетілетін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қағидалар, қолдау нысандары және басқа да жағдайлар шеңберінде құралды іске асырады:

«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР»

Құралдың мақсаты - халықаралық шетелдік ұйымдардың (ХҚҰ) қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету.

Құрал кәсіпкерлерге шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруға және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға қойылатын критерийлер:

Құралға қатысушылар мынадай өлшемшарттары бар ШОК субъектілерінің жоғары және орта буын басшылары болып табылады: 

- қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес экономика секторларында өз қызметін жүзеге асыратын;

- жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес.

Тағылымдамалар мүмкіндіктер ашады:

- технологиялар трансферті;

- жабдықтарды сатып алу;

- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу;

- франшизаларды сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру.

Бүгінгі таңда құрал Германия Федеративтік Республикасында (ГФР) бизнес-тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. ГФР-да тағылымдамадан өту онлайн (бизнесті дамыту жөніндегі неміс орталықтарының қатысуымен 5 апта) және офлайн форматты (Германияда 3 апта болу) көздейді. Кәсіпкерлерді шетелдік бизнес-тағылымдамаға жіберу жөніндегі алдын ала рәсімдер мынадай кезеңдерді қамтиды:

- өтінім беру;

- конкурстық іріктеу;

- тағылымдамаға қатысушылардың тізімін қалыптастыру;

Конкурстық іріктеуді «Атамекен» ҚР ҰКП және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс қоғамының (GIZ) өкілдері жүргізеді.

Барлық кезеңнен сәтті өткеннен кейін кәсіпкер белгілі бір топқа қабылданып,  бизнес-тағылымдамадан өтеді.

Анықтама: 2024 жылдың қорытындысы бойынша 38 ШОБ ГФР-да бизнес-тағылымдамадан өтті.

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҰКП ақпараттық-консультациялық қызметтерді пайдалануды ұсынады!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №626 қаулысымен «Атамекен» ҚР ҰКП экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын, бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыреттеріне жататын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қағидалар, қолдау нысандары және басқа да жағдайлар шеңберінде құралды іске асырады:

«Кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер кәсіпкерлік бастамасымен»

Ақпараттық-консультациялық қызметтер кешені ШОК субъектілері мен жеке тұлғаларға өтеусіз негізде ұсынылады. Қызметтер 158 аудан орталығында, 6 шағын қалада және 25 моноқалада «офлайн» режимде, ал «онлайн» режимде www.g4b.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтерге мыналар кіреді:

1. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру.

1.1. ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы кеңес беру;

1.2. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуді бастау (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) және салық салудың оңтайлы жүйесін таңдау) мәселелері бойынша кеңес беру;

1.3 Шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша кеңес беру;

1.4. Екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдары мен даму институттарында қаржыландыруға дейін және кейін қажетті құжаттарды жинау жөніндегі қызмет:

1.5. Бизнес-жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру;

2. Құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес беру.

2.1. ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша кеңес беру;

2.2 Лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша кеңес беру;

2.3. Сатып алуларға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттарды жинау және өтінімді ресімдеу жөніндегі қызмет;

2.4. Инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алудағы қызмет.

2024 жылы ұсынылған қызметтер саны

р/с

Қызмет түрлері

ШОКС үшін қызметтер саны

Жеке тұлғаларға арналған қызметтер саны

Барлығы

2024 жыл

2024 жыл

1

мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру;

25 643

98 970

124 613

2

құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес беру:

2 635

8 099

10 734

Жиыны

28 278

107 069

135 347

 

Диаграмма. ШОКС субъектілері үшін ұсынылған қызметтер саны

Диаграмма. Жеке тұлғалар үшін көрсетілген қызметтер саны

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласыңыз: 1432 (кез келген қаладан) және 8-800-080-80-10 (Қазақстан бойынша кез келген қаладан қоңырау шалу тегін).

 

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҰКП сервистік қызметтерді пайдалануды ұсынады!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №626 қаулысымен «Атамекен» ҚР ҰКП экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын, бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыреттеріне жататын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қағидалар, қолдау нысандары және басқа да жағдайлар аясында құралды іске асырады:

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

ШОБ субъектілеріне сервистік қолдау көрсету жергілікті жерлерде облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы өтеусіз негізде және www.g4b.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сервистік қолдау шеңберінде сервистік қызметтердің мынадай түрлері ұсынылады:

1. Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер:

- бухгалтерлік заңнама мәселелері бойынша консультациялар;

- салық заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар;

- бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды есептеу және

- бюджетке басқа да аударымдар; 

- бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультациялар;

- «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;

- салық есептерін дайындау және тапсыру бойынша консультациялар;

- статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар;

- үшінші тарап ұйымдары үшін қаржылық қызмет есептері бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультациялар;

- салық есептерін дайындау;

- статистикалық есептерді дайындау;

2. Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер:

- лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша консультациялар;

- оларды құқықтық қолдаумен лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша қызметтер;

- кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттарды дайындау;

- кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар;

- шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

- азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

- мемлекеттік сатып алуға байланысты консультациялар;

- конкурсқа / тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау;  

- сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану жөніндегі қызмет;

3. Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар;

- екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

4. Бизнес-жоспарды әзірлеу қызметтеріне мыналар кіреді:

- бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультациялар;

- бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультациялар;

- бизнес-жоспар әзірлеу;

- тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жылжыту жоспарын талдау бойынша консультациялар;

- тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жылжыту жоспарын талдау бойынша әзірлеу.

2024 жылы ұсынылған қызметтер саны

р/с

Қызмет түрлері

ШОК субъектілері үшін көрсетілетін қызметтер саны

Қызметке жүгінген ШОК субъектілерінің саны

2024 жылы

2024 жылы

1

Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге байланысты қызметтер

9420

7864

2

Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі қызметтер

724

689

3

Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қызметтер

862

827

4

Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер

4397

3917

Жиыны

15403

13297

 

Диаграмма. 2024 жылы ұсынылған қызметтер саны

Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласыңыз: 1432 (кез-келген қаладан) және 8-800-080-80-10 (Қазақстан бойынша кез келген қаладан қоңырау шалу тегін).

 

ЕСЕПТЕР

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №626 қаулысымен «Атамекен» ҚР ҰКП «жергілікті өнім өндірушілерді қолдау» бағыты бойынша тегін қызметтер ұсынылғаны туралы хабарлайды және «Бір ауыл – бір өнім» жобасын (бұдан әрі - БАБӨ) қағидалар, қолдау нысандары және басқа да шарттар шеңберінде іске асырады. Бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын экономиканың түрлі салаларында көрсетілетін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:

Аталмыш жоба жергілікті ресурстардан, оның ішінде ауылдық деңгейде өңірлік өнімдерді анықтауға, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруге және сыртқы  (немесе) ішкі нарыққа шығуды ілгерілетуге жәрдемдесуге бағытталған.

Қызметтер облыстық деңгейде, Республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада көрсетіледі.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасына мыналар кіреді:

1) кеңес беру;

2) өңірлік көрмелер өткізу;

3) өнімді анықтау;

4) өнімді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға шығаруға жәрдемдесу бойынша БАБӨ жобасының финалистерін оқыту және маркетингтік сүйемелдеу.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыру аясында 20 өңірлік көрме өткізілді, олардың ішінде өңірлік Бренд – комитеттер өнім/ тауар өндірушілер арасында 78 жеңімпаз анықталып, БАБӨ жобасының финалистері болды.

2024 жылғы финалистер тізімі

2023 жылғы финалистер тізімі 

ЕСЕПТЕР

Кәсіпкерлерге арналған сервистік қызметтерге шолу

Қызметкердің жалақысынан салықтарды, жарналарды және аударымдарды есептеу мысалы.

«Атамекен» ҰКП – бизнестің сенімді серіктесі

Басым дақылдар өндірісін дамытуға субсидия алу

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін енгізу немесе өзгерту

100-үлгі бойынша корпоративтік табыс салығы туралы мағлұмдама

Бизнестегі инвестициялардың өтелімділігін, көрсеткіштері мен есептеулерін қалай анықтауға болады

Тауар белгісін тіркеу тәртібі

2023 жылғы 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу тәртібі

«Самұрық-Қазына» сатып алымдарына баға ұсынуға қатысу

Бизнеске «сатылым сүзгісі» не үшін керек және ол қалай көмектеседі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидияны қалай аламыз?

Жұмысқа қабылдау тәртібі - еңбек қатынастарын рәсімдеу бойынша нұсқаулық

Еншілес ұйымдар

Серіктестер