Түркиядағы жер сілкінісі құрылыс талабын күшейту керегін көрсетті: сарапшылар қауымдастығы үкіметтен қолдау сұрайды
«Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігі құрылыс саласында тәртіп орнатуға дайын екені баяндам, Мемлекет басшысына үндеу жариялады. Сарапшылар қауымдастығы құрылыс индустриясын реттеуге дайын екенін мәлімдеп, үкіметтен бастаманы қолдауды сұрайды.
«Түркиядағы жер сілкінісі құрылысқа жоғары талаптар қоюдың маңызды екенін айқын көрсетті: рұқсат беру кезінде сыбайластық болмаған және құрылыс сапасын мен объектілерді пайдалануға қабылдауда жоғары бақылау жүргізілген ауданда үйлер тіпті жоғары сейсмикалық жүктеме кезінде де төтеп бере алды. Бұл еліміз үшін аса маңызды сабақ! Жаңа құрылыстың сапа мәселесі Қазақстанда өзекті мәселе. Әсіресе сейсмикалық қаупі бар аймақтарда және белсенді қарқынмен салынып жатқан Астанада бұл проблема барынша түйткілді сипат алып отыр», – деп атап өтті сарапшылар.
Сараптама ұйымдары палатасының деректері бойынша құрылыс саласының бақылау-қадағалау жүйесіндегі түйткілді мәселелер көптеген жыл бойы шешімін таппай келеді. Атап айтқанда, құрылыс, жобалау ұйымдарын шартты түрде лицензиялау және сараптама ұйымдарын аккредиттеу, сарапшыларды аттестаттау, лицензиялау және аттестаттау саласындағы сыбайлас жемқорлық, лицензиялар мен аттестаттарды сатудың сұр нарығының өсуі.
«Мұның бәрі лицензия мен аттестаттау, қалалардың егжей-тегжей жоспарлау жобаларын түзетуден бастап, объектілерді пайдалануға қабылдауға дейінгі қызмет нәтижесі үшін нақты жауапкершіліктің әлсіреуіне әкеп соқты. Сараптамалық қызметті өзін-өзі реттеуге көшу ғана Қазақстандағы құрылыс жобалары сараптамасының сапасын арттыруға болады деп санаймыз. Сонымен қатар, сараптамалық ұйымдар мен сарапшылардың жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігін күшейту, сарапшылардың біліктілігі мен мәртебесін арттыру, сыбайлас жемқорлықты толығымен жою, кәсіби емес және жосықсыз қатысушыларды нарықтан шеттетуге мүмкіндік жасалады», – деп мәлімдеді сарапшылар.
Сарапшылардың айтуынша, әлемдік сарапшылар қауымдастығы мойындаған үздік тәжірибе – құрылыс жобаларын сараптау және жобалау мен құрылысты сараптамалық қадағалау саласында өзін-өзі реттеуді енгізу. Бұл мәселе елімізде 20 жылдан астам уақыт бойы көтеріліп келеді.
«Осы уақыт ішінде мемлекеттік құрылыс саласындағы рұқсаттар беру, бақылау, қадағалау және сәйкестікті бағалау жүйесінде жүргізілген реформалар қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертпеді және, өкінішке қарай, құрылыс сапасын арттыру, лицензиялау және рұқсат беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты азайту бағытында қажетті нәтиже бермеді», - деді сарапшылар.
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттауды қазіргі уақытта мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр. Реформалар аясында бұл функциялар орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет берілді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының өзі 4 рет реформаланды, ал жағдай өзгерген жоқ. Өйткені сарапшылар қауымдастығында жосықсыз сараптамалық ұйымдарға ықпал ету шаралары жоқ! Жобалау мен құрылыста да тура осындай жағдай.
«Біз өзін-өзі реттеуді енгізу ғана жағдайды өзгертуге және еліміздегі құрылыс сапасын айтарлықтай жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз. Мұндай қажеттілік Мемлекет басшысы қолдаған мемлекеттік реформалар жүйесіне енгізілді. 2015 жылы қабылданған «100 нақты қадам» ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасындағы нақты 47 және 97-қадамда құрылыс жобаларын сараптау және құрылысты сараптамалық қадағалау функцияларын өзін-өзі реттеу саласына беру көрсетілген. Бірақ бұл шара да өзгеріс әкелмеді: 8 жыл өтті, баяғы жартас, сол жартас. Құрылыс индустриясы үшін мүшкіл жағдай. Мемлекеттік аппараттың мезгіл-мезгілі талаптарды қатаңдатуы саланы түбегейлі жақсарта алмайтынын мойындауға тиіспіз. Құрылыстың сапасын тек сарапшылар ғана бағалай алады. Сарапшылар ғана бір-бірінің білім деңгейі мен дағдыларын бағалай алады», – деп атап өтті сарапшылар.
Сараптамалық қоғамдастық өзгеріске дайын.
«Біз өзін-өзі реттеу енгізілгеннен кейін сарапшылардың нәтижелер үшін жауапкершілігін арттыру арқылы нарықты заңсыз сараптамалық ұйымдардан тазартуға дайынбыз. Құрылыс саласын өзін-өзі реттеу механизмі қолданыстағы жүйеге қарағанда тиімдірек жұмыс істейтініне сенімдіміз. Бұл үшін бізге нақты заңнамалық құралдар берілуін сұраймыз. Түркиядағы жер сілкінісінің жойқын зардаптары және құрбандар саны осы қажеттіліктің айқын дәлелі. Бұл мәселені шешуді кейінге қалдыруға болмайды!» – деп көрсетілген үндеуде.
Өтінішке Палата басқармасының барлық мүшесі мен Палатаның облыстық филиалдарының өңірлік басшылары қол қойды.
Өтініш Палатаның сайтында жарияланды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: