Ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі жол картаны іске асыру қорытындысы шығарылды
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы туристік сала комитетінің мүшелері 2022 жылға арналған ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі жол картасы шеңберінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism»ҰК» АҚ атқарған жұмыстарының қорытындысын тыңдады.
«Атамекен» ҚР ҰКП Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева жиынды ашып, үш жыл ішінде жол картасы сала алдында тұрған міндеттердің тізбесін жыл сайын жаңартып отыруға мүмкіндік беретін таптырмас құралға айналғанын атап өтті. Бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін үйлестіру – осы міндеттерді шешудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға және саннан сапаға көшуге мүмкіндік береді.
«Келер жылы мониторинг мәселесін ескеру қажет. Өңірлермен толық қанды сәйкестікке қол жеткізе алмадық. Бұл мәселені бұл мәселені Жол картасының іс-шаралар тізімін азайту немесе кіші комитеттерді құру арқылы шешу қажет болатын шығар. Біз 2023 жылы цифрландыру, өңірлік туристік өнімді қалыптастыру, мемлекеттік қолдау шараларына өзгерістер енгізу мәселелеріне күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Жол картасын көшпелі туризм – спорттық және медициналық іс-шаралармен толықтыруда мән бар шығар. Шағын жұмыспен қанағаттанудың қажеті жоқ, келесі жылы бизнеске де, өңірлерге де, қонақтарға да ыңғайлы болу үшін саланы дамыту шарттарымен жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.
Мәдените және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков жол картасы өзінің тиімділігін дәлелдегенін және туризмді дамытуға үлес қосатынын атап өтті. Мемлекет тарапынан саланың дамуына назар аударылып жатыр. Өңірлермен жұмыс белсенді. Жылдан жылға көрсетілетін қызметтердің көлемі мен қонақ үйлердің толымдылығы артып келеді.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаевтың айтуынша, бірлескен жұмыс арқылы халықаралық белсенділік пен визасыз режим қалпына келтірілді, пандемияға байланысты барлық шектеу алынып тасталды.
«Бүгінде туризм саласы пандемиядан айығып келеді және сонымен бірге әлемдік геосаяси жағдайға байланысты жаңа сын-қатерлерге тап болды. Салада, әрине, бірлесіп шешуді қажет ететін мәселелер бар», – деді кеңес барысында Талғат Аманбаев.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарушы директоры Даниель Сержанұлы Жол картасының шараларына тоқталып өтті.
«2022 жылы өңірлік блоктан басқа біздің жұмысымызда 8 негізгі бағыт бойынша 35 іс-шара болды. Жол картасы аясында 6 өңірде қонақ үйлерді жүргізу бойынша 284 адам оқуға қатысты. «Жанды сабақтар» жобасы бойынша 1080 балаға арналған 4 өңірде экскурсиялар өткізілді. Қонақжайлылық саласындағы қызметтердің сапасын арттыру үшін «сапа белгісін» беру бастамасы белсенді түрде енгізіліп жатыр. Астана қаласында 30 нысан осы белгімен белгіленді», – деді спикер.
Кәсіпкерлер бірлескен жұмысты және турбизнес өкілдерін оң бағалай отырып, жалпы қолдауды көріп отырғанын атап өтті. Дегенмен, туризм саласындағы жағдайды жақсарту үшін ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
«Нәтижелерге бәрі бірдей риза болмаса да, жалпы алғанда жетістік жаман емес. Мемлекеттік органдар көп нәрсені істеп жатыр, алайда бизнес бұл туралы білмейді. Жобаларға инвесторларды тарту, төмен пайыздық туризмге несие беру, жобаларыңызды таңудың орнына бизнестің бастамасын көтеру қажет. Сондай-ақ статистика мен зерттеулер жетіспейді», – деді Туроператорлар қауымдастығының президента Инна Рей.
Татьяна Верницкая жаңа сапа стандарттарын әзірлеу, өнеркәсіптік туризм бойынша әдістемелерді әзірлеу, гидтерді «жанды сабақтарды» өткізу әдістемесіне оқыту бойынша ұсыныстар айтты.
«Біз өңір бойынша ішкі маршруттарды әзірлеуге көп уақыт бөлеміз, бірақ қалалар бойынша турларға мүлдем назар аудармаймыз. Біз қалалық маршруттарды, қалалық ортаны дамытуымыз керек», – деді Татьяна Верницкая.
Ақмола облысының туристік қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов жол бойындағы сервис, қолөнер және балалар демалысы объектілерін қоса отырып, «сапа белгісін» беру жөніндегі стандартты пысықтау қажеттігін атап өтті.
«Бұл шаралар қонақ үй кешенін, санаторийлер мен балалар сауықтыру орталықтарын ынталандырады және бағалайды. Қолөнершілер үшін мемлекеттік қолдау шаралары қажет, мүмкіндігінше оларды жеңілдетілген несиелермен қолдау қажет. Туризмде кәдесый өнімдері жетіспейді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында туризм және қолөнер саласында жұмыс істейтін ауыл тұрғындары үшін салықтарды қайта қарауға болады», – деді Қайрат Сұлтанов.
«Сапа мәселелері күн тәртібіне бірінші кезекте шығады. Қызмет сапасы бойынша жұмысты бағалау құралдарының бірі – стандарттар. Барлық сапа стандарттарын «Қазстандарттан» сатып алу қажет екенін ескере отырып, «Қазхатуризмге» стандарттарды нарық олармен танысуы үшін өз сайтында жариялауды ұсынамын», – деп атап өтті Қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова.
Жиын соңында Юлия Якупбаева министрлікке бизнес айтқан барлық ұсынысты ескеруді ұсынды, атап айтқанда стандарттау, қолөнершілікті нақты қадамдармен қолдау, турлар желісін кеңейту, келесі жылы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тетіктерін қайта қарау жөніндегі міндеттердің маңызын атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: