«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында 4 мыңнан астам нысан Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді

2021 жылғы 04 Тамыз
- Жетісу облысы
3385 просмотров

Алматы облысында Ashyq жобасына қосылған нысандар саны артып, 4 мыңнан асты. Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов хабарлады. Оның айтуынша, аудандар мен қалаларда 4025 кәсіпкер Ashyq мобильді қосымшасын енгізген.

 «Қазіргі кезде жобаға 1406 нысан қатысып жатыр, 2619 нысан сынақ режиміде жұмыс істеуде. Осы ретте 447 қатысушы – келушілерді тіркемеген және 20-дан төмен тіркеу көрсеткіші бар аутсайдерлер. Ashyq жобасының қатысушылары, аутсайдерлері мен лидерлері туралы ақпарат Алматы облысы әкімдігі сайтының басты бетінде жарияланған. Кәсіпкерлер палатасының әрбір филиалында консультанттар кәсіпкерлерге жобаға қатысуға өтінім беруге көмектесетінін атап өткім келеді», – деді Әсет Шаяхметов.

 Облыста Ashyq жобасының 38 лидері анықталды, бұл нысандар келушілерді тіркеу бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

 Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысуға қажет QR-кодты алу үшін өтінім беру процесін жеңілдетті. Бүгінде QR-кодты алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және өтінімді мақұлдау туралы хабарлама бірнеше минут ішінде келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер