«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір айдың ішінде Ashyq жобасына қатысушылар саны 6,7 мыңға артқан

2021 жылғы 18 Қазан
6582 просмотров

2021 жылғы қазанда Ashyq жобасына тағы 6,7 мың кәсіпкерлік субъекті қосылды.

18 қазандағы деректерге сәйкес 135,2 мың кәсіпкерлік субъекті өз нысанында Ashyq жобасын қолданады. Қыркүйекпен салыстырғанда жоба қатысушыларының саны тағы 6,7 мың бірлікке артып, 128,5 мың объектіні құрады.

 Әр екі апта сайын Ashyq жобасына қатысушылар арасында ведомствоаралық комиссияның шешімімен жоба лидерлері және аудсайдерлері анықталады. Алматы қаласында – 479 лидер және 8,9 мың аутсайдер анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 273 лидер және 4,8 мың аутсайдер, Түркістан облысында 37 лидер және 4,6 мың аутсайдер анықталды.

Соңғы  жеті ай ішінде карантин режимін 105 мың қазақстандық бұзған. Ashyq қосымшасы арқылы карантин режимін бұзушылар 2021  жылдың  12 сәуірінен бастап тіркеле бастады.

 Жеті ай ішінде «қызыл» статуспен 77,8 мың адам, «сары» статуспен 27,5 мың адам анықталды.

 Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

- Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер