«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Демалыс күндері «қызыл» статусы бар қазақстандықтар қоғамдық мекемелерге жиі бармайтын болды

2021 жылғы 20 Қыркүйек
5391 просмотров

Демалыс күні локдаун енгізілгеннен бері жұмыс күндері 2 млн сканерлеу, ал демалыс күндері 500-600 мың адам тіркелді.

Демалыс күндері мекемелерге баратындардың саны азайғаны байқалады. 31 тамыздағы жағдай бойынша «қызыл» статусы бар карантинді бұзушылар саны 967 адамды құрады, ал 12 қыркүйекте бұл көрсеткіш 402 жағдайға дейін төмендеді.

Бес айдың ішінде 93,7 мың адам статусын сканерледі. «Қызыл» статусы бар 69,5 мың қазақстандық, «сары» статусы бар 24 мың қазақстандық карантинді бұзуға тырысқан.

Кәсіпкерлер жобаға қосылуды жалғастырып жатыр. Бүгінде 130,7 мың кәсіпкерлік субъекті Аshyq қосымшасын пайдаланады. Сканерлеу бойынша көшбасшылар: Алматы қаласы 22,4 мың қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында 13,1 мың қатысушы бар.

Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

- Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер