«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысында боулинг, караоке және банкет залдары «Ashyk» жобасы арқылы жұмысын қайта бастады

2021 жылғы 12 Мамыр
- Қостанай облысы
4439 просмотров

Пандемия салдарынан бір жылдан астам уақыт жұмыс істемей тұрған нысандар өз клиенттеріне есігін айқара ашты. Боулинг-орталықтар, караоке, банкет залдары және компьютер клубтары үшін Ashyk жобасы – кәсіпті жандандырудың мүмкіндігі.

«Осы жұмада караоке барын ашамыз, жұмыс істемегелі 1 жылдан асып кетті. Нысанды ашу Ashyk қосымшасы арқылы мүмкін болып отыр. Мен QR-ды караокеге ғана емес, сонымен қатар отбасылық мейрамхана мен жазғы алаңға да алдым. Енді бүкіл ұжым толық құрамда жұмысқа шыға алады. Шарттар көңілден шығады – толымдығы 50 орын, түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істеуге болады. Тамаша. Менімен қаладаға басқа қоғамдық нысан иелері де келіседі», – дейді кәсіпкер Бақыт Бейісова.

 Өңірде жобаға барлығы 133 нысан қосылды. Оның ішінде бизнес қана емес, мемлекеттік мекемелер де бар – театрлар, мәдениет үйлері және концерт залдары. Қатысушылардың толық тізімі

 «Тізімдегі 86 нысан толыққанды қатысушылар, 47-і әзірге сынақ мерзімінде, тағы 12 нысан – қазіргі кезде рәсімдеу кезеңін өтіп жатыр. Өтінім бергендер арасында ірі нысандар бар, мысалға – «Тобыл-Арена». Айта кетейін, жобаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Бизнеске өңірдің «қызыл» немесе «сары» аймақта орналасуына қарамастан жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі», – деді Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.

 Қостанай облысында Ashyq жобасын сәуір айында енгізе бастады. Жоба коронавирус індетін жұқтыру деңгейін төмендетуге, нысандарға келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін арттырып, бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.  «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 Статусты алдын ала тексеруге болады. Ол үшін http://ashyq.kz/ сайтына кіріп, бейтарап QR-кодты сканерлеу керек.

 Қостанай облысы ӨКП жобаға қатысушылар тізімін жинақтап жатыр. Анықтама ақпарат:  8 7142 394208 и 8 777 268 47 08.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер