«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында 100-ден астам бизнес нысаны «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейді

2021 жылғы 28 Сәуір
- Жетісу облысы
5364 просмотров

Алматы облысында «ASHYQ» жобасы іске қосылған сәттен бастап 101 бизнес нысаны жаңа цифрлық жұмыс форматына көшті.

Өңірде жобаға алғашқы болып талдықорғандық кәсіпкерлер қосылды. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 26 сәуірден бастап «ASHYQ» облыстың аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарында енгізіле бастады.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, «ASHYQ» жобасына қоғамдық тамақтану нысандары, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, фитнес-клубтар, моншалар мен сауналар қосылған.

«Бүгінгі таңда Талдықорғандағы 100 мекеме «ASHYQ» қосымшасын енгізді, оның 90-ы - қоғамдық тамақтану нысандары, үш фитнес-орталық, үш компьютерлік клуб, екі кинотеатр және бір монша мен бір сауна. Сонымен қатар, өзге өңірлер арасында Іле ауданындағы бір қоғамдық тамақтану нысаны жоба бойынша жұмыс істей бастады. Жалпы, infokazakhstan.kz сайтына «ASHYQ» жобасына қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 100-ден астам өтінім келіп түскен», - деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Әсет Шаяхметов.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда «ASHYQ» жобасы 14 сәуірден бастап енгізіле бастады. Жоба COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен қызметкерлерді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жоба QR-код және ПТР дерекқорымен интеграциялану есебінен келушінің мәртебесін - ол вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік береді. Кіре берісте адам оның мәртебесін анықтау үшін QR кодын сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді.

Қазіргі уақытта Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен «Ashyq» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша «Атамекен» ӨКП жүгінуге болады. Анықтама тел.: + 7 775 594 5977 (Жамбулатова Дана Дәулетқызы), +7 775 894 6061 (Дәулетбекова Ақерке Нұрдәулетқызы).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер