«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ASHYQ: Алматы тәжірибесі

2021 жылғы 09 Ақпан
7698 просмотров

Оңтүстік астанада бизнесмендер коронавирус инфекциясының таралу қатерін азайтуға бағытталған «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан және Алматыда фитнес индустриясы нысандары пилоттық жобаға қатысуда. Бизнес нысанға кірген, нысаннан шыққан келушілерге арнайы мобильді қосымша арқылы тіркелу ұсынылады. Мобильді қосымша адамның індетке шалдығу статусын анықтайды – мәселен, Covid жұқтырған адаммен байланыс болды ма индикаторлармен білуге болады.

Бүгінде Алматыда жобаға 15 фитнес-орталық пен СПА және сауналар қатысып жатыр.

«Пилоттық жобаға мегаполистегі кинотеатрлар да қосылуға ниетті. Қазіргі кезде олар жеке қатысу алгоритмдерін әзірлеп, келушілер қосымшаға билеттерді онлайн сатып алу кезінде тіркелуі үшін механизмдерді талқылап жатыр. Олардың пікірінше,  бұл шара кинозалға келушілердің барлығы үшін  індетті жұқтыру қаупін төмендетеді», – деді Алматы қаласы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева.

 «Ashyq» қосымшасының жұмысына қатысты пікірімен алматылық кәсіпкер, «Цезарь» саунасының директоры Марат Жылқыайдаров бөлісті.

«Әрине, бастапқы кезде сұрақтар болды, бірақ біз әзірлеушілермен үнемі байланыста болдық, сұрағымызға жылдам жауап алып отырдық. Қазір қондырғы тез жұмыс істейді, егер келуші қосымшаны жүктегісі келмесе, онда біз оның ЖСН-ы арқылы статусын біле аламыз, процедураға бір минуттан кем уақыт кетеді», – деді ол.

Бизнесменнің айтуынша, оның нысанында апталық толымдық 100 адамды құрайды, оның жартысы «Ashyq» арқылы тіркеледі.

«Кәсіпкер ретінде маған бұл жоба карантин кезінде жұмыс істеуді жалғастырудың жақсы мүмкіндігі.  Екіншіден, басқаларға қатер төндірмеу үшін адамның ковид статусын оңай анықтап алуға болады. Өзім ауырдым, індеттің қандай болатынын білем», – деді Марат Жылқыайдаров.

Оның айтуынша, келушілер қосымшаға тіркеліп, статусты анықтауды түрлі қабылдайды. Клиенттердің шамамен 1-2%-ы теріс пікірде. Бұл бизнестің спецификасына байланысты деп кәсіпкер көпшілік қауіпсіздікті қолдайтынын қуана айтты.

«Аshyq» пилоттық жобасы санитарлық дәрігерлерге сараптаманы ретке келтіріп, ағымдағы санитарлық шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Мобильді қосымшаның артықшылықтары және бизнес нысандарына әсері туралы шешімдер республикадағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында пилот нәтижесіне мониторинг жүргізілген соң қабылданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер