«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ashyq» қосымшасы қоғамдық орындарға баруда қауіпсіздікті арттырады

2021 жылғы 28 Қаңтар
155428 просмотров

 ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасын әзірледі

 ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесіп, карантиндік кезеңде қызметі шектелген бизнес өкілдері (spa-орталықтар, фитнес- орталықтар, кинотеатрлар) арасында пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Енді аталған нысандарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша, өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінетін қатер рейтингін көрсетеді.

Қызыл статус жүріп-тұрудің шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

 Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

 Осы статустардың көрсетілуі бизнес өкілдеріне карантин уақытында жұмыс істеуге әрі келушілердің өміріне қауіп төндірумеуге мүмкіндік береді. Келушінің қолында смартфоны болмаса қосымшада үйге кіруді басқаратын, келушінің мәртебесін ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар.

Пилоттық жоба болашақта қоғамдық орындарға (сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, мейрамханалар, кафелер, вокзалдар, аэропорттар және т.б.)  кіру үшін  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасының таралуын анықтауға жол ашады.

 Қазіргі уақытта «Ashyq» мобильді қосымшасын App Store мен Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер