«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Platonus Қазақстандық колледждерге онлайн оқыту қызметін 1 шілдеге дейін ақысыз ұсынады

2020 жылғы 26 Наурыз
7765 просмотров

Отандық «Платонус» компаниясы елдегі барлық колледжге онлайн оқыту автоматтандырылған жүйесін ақысыз қосуға дайын.

Бұл шешім Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында енгізілген төтенше жағдай және карантин кезінде кәсіпкерлерге көмек көрсету аясында қабылданған.

«Платонус» компаниясы «Platonus College» жүйесін деректер орталығына орналастырды және 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыра алмаған Қазақстанның барлық колледждеріне қызметті тегін ұсынуға дайын», - дейді компания басшылығы.

Қазіргі уақытта Platonus-да 79 штаттық қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың қатарында жоғары білікті әзірлеушілер, талдаушылар, техникалық қолдау жөніндегі мамандар және кеңесшілер бар.

Компания:

  • Қазақстанның 102 ЖОО-да оқу процесін автоматтандыру;
  • төрт министрлікте есептерді жинауды автоматтандыру (оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі);
  • бес корпоративті компаниядағы сертификаттау процесін автоматтандыру;
  • Бұл жүйені 300 колледж сәтті қолдануда.

Platonus College жүйесінде барлық процестер автоматтандырылған және оқытушылар мен студенттердің барлық қажеттіліктері ескеріледі: оқу жоспарларынан, емтихандардан бастап үлгерімдер туралы есептерге дейін; студенттерді тіркеуден бастап мұғалімдерге апелляциялық және емтихан тапсыру үшін; сапа көрсеткіші бойынша студенттердің үлгерімі туралы статистикалық есептерді алу және т.б.

Анықтама үшін:

Платонус 2005 жылы құрылған, бүгінде 500 000-нан астам пайдаланушылар компанияның дайын жүйесінде сәтті жұмыс істейді. Компания заманауи, қызықты және ыңғайлы етіп, оқу процесін автоматтандыруға арналған дайын өнімді ұсынады.

Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Оралда аймақтық бөлімшелері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер