«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Oqýshyny qolda» акциясы аясында балалар оқуға арналған планшеттерді алды

2020 жылғы 13 Тамыз
5205 просмотров

ҚР Білім және ғылым министрлігі  мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен орта білім берудің онлайн режимге өтуіне байланысты отандық мектеп оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған «Oqýshyny qolda» акциясы іске қосылды.  

Қайырымдылық көрсету саласында жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі – аталған жобаның техникалық операторы.  

Қашықтан білім беруге ауысуда балалардың білім алуына қажетті компьютер, ноутбук немесе планшетті алуға кез келген отбасының мүмкіндігі жете бермейді. Жобаның мақсаты – әр оқушы білім алуды кедергісіз жалғастыруы үшін қажетті техниканы сатып алуға қоғам белсенділері мен бизнес өкілдерін тарту. 
Жиналған қаражатқа қажетті техника сатып алынып, оқушылардың мақсатты пайдалануы үшін нақты мектептің балансына беріледі. 

«ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан мектептеріне мониторинг жүргізіп, мектеп оқушыларын тегін техникамен қамтамасыз ету кезектілігін анықтауда ескерілетін критерийлерді анықтадық. Бірінші кезекте көмек ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға көрсетілетін болады. Сонымен қатар ауылдық мектептерде оқу факторы назарға алынбақ. Нәтижесінде шұғыл қажеттіліктің тізімі жасалды, бизнес өкілдері мен қайырымды жандардың көмегі осы олқылықтың орнын толтырады деп үміттенеміз. Мектеп оқушыларының аталған топтары техникамен қамтамасыз етілген кезде біз оқушылардың  көмекке зәру басқа топтарына назар аударатын боламыз», – деп атап өтті «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева. 

www.qoldau.edu.kz  сайтында балаңыздың ЖСН нөмірінің соңғы 6 санын теріп, бұл акция бойынша көмек сіздің балаңызға қарастырылған ба әлде жоқ па екендігін анықтауға болады.

Ескерту: Іздеу нәтижесі бойынша басқа облыстың мектебі мен басқа баланың деректері шығатын болса, демек алғашқы партия бойынша балаңыз тізімде жоқ.

Жекелеген мектепке жеке тәртіпте немесе ниеттес адамдармен бірлесіп көмек көрсетуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер