«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде тігін фабрикасы өңір дәрігерлеріне арнап кезекті рет көмек көрсетті

2020 жылғы 21 Сәуір
- Ақтөбе облысы
6643 просмотров

«Глобал-Спецодежда» компаниясы жалпы сомасы 1,3 млн теңгеге «Жақсылық челенжі» қайырымдылық акциясының үшінші легін іске асырды

«Біз біргеміз» акциясы аясында «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС кезекті қайырымдылық акциясын жүргізіп, ақтөбелік дәрігерлерге 152 медициналық халат, 1000 данаға жуық кір сабын, 35 матрас, 35 көрпе, 35 жастық, сондай-ақ арнайы қорғану костюмдер мен медициналық маскаларды берді.

 «Ұжымымыз осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус таралуымен күресте көмек көрсету бойынша үндеуін қолдады», – деді ЖШС жетекшісі Надежда Шабаева. – «Пандемиямен күресуде қайырымдылық мақсаттарға Глобал-Спецодежда компаниясы жалпы төрт миллионнан астам қаражат бөлді. Компаниямыз Ақтөбе қаласында алғашқылардың бірі болып «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі бастаған «Жақсылық челенжі» акциясына қолдау білдірді».

Қайырымдылық акциясының үшінші легі қасиетті Ораза айы және Пасха мерекесімен тұспа-тұс келді.

 «Мұсылмандар мен христиандардың қасиетті мерекелері Қазақстан халқын біріктіреді, бірлігімізді көрсетеді», – деді Надежда Шабаева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер