«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ЭКСПО-2017» көрмесінің бизнес-анықтамасы дайындалады

2016 жылғы 29 Қыркүйек
11557 просмотров

Шағын отандық компаниялардың халықаралық көрмеге қатысушылар үшін қызмет көрсетіп пайда табуға ғана емес, сондай-ақ өздерін әлемге танытуға  мүмкіндіктері бар

Дәріханалар, ақша айырбастау, автокөлік жалға алу, кеңсе жабдықтары, аударма, баспа және заң қызметтері, тамақтандыруды ұйымдастыру,  әкімшілік қызмет. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің қатысушыларына арналған осы және басқа да қызметтерді көрсету арқылы шағын және орта бизнес өкілдері табыс таба алады.

Бүгін Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері,  «ЭКСПО-2017» көрмесіне мүше елдер үшін қарастырылған коммерциялық қызметтер бойынша дайындалған бағдарламаны баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары Илья Оразақов жобаны таныстыра отырып, тізімге шетелдік делегацияға ең алдымен қажет болатын қызмет түрлерінің енгенін атап өтті. «Бізде 25-тен бастап 30-ға дейін көрме аясында көрсетілетін  коммерциялық  қызмет түрлері  бар.  Бұлардың барлығы адамдардың қарапайым өміріне керекті қажеттіліктер», – деді Ұлттық компания өкілі.

Компаниялар мен фирмаларда көрмені өткізу мен дайындық кезінде тек қана ресми коммерциялық серіктес болып қана қоймай, бизнес-анықтамаға ену мүмкіндігі бар. Бизнес-анықтаманы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде, өзінің ЭКСПО-ға қатысуын растаған барлық мемлекеттерге көрсетуге ниетті. Алайда ол үшін, Илья Оразақов ең алдымен байқау іріктеуінен өту керектігін атап өтті. Егер компания серіктес мәртебесін иеленетін болса, онда ол «Астана ЭКСПО-2017» роялтиін төлеуі қажет.

Илья Оразақов өзінің сөзінде, «біз бұл жерде халықаралық стандарттық тәсілдің екі нұсқасын қарастырдық» деп атап өтті.  «Бірінші формасы маркетингтік тіркелген жарна болып табылады. Бұл сома сондай қолайлы әрі шағын. Мен оны әзірге айта алмаймын. Өйткені ол әлі стандартталмаған. Екінші төлем түрі – «роялти» деп аталады. Сіз көрме аясында қызмет көрсететін  лицензиат-компания  ретінде, өзіңіздің жалпы ақша айналымыңыздан, қызмет түріне байланысты бізге, ұйымдастырушыларға, өз қызметіңіздің белгілі бір пайызын төлеп отырасыз», – деп түсіндірді Ұлттық компанияның коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары.

Илья Оразақов роялтидің көлемі туралы сауалға жауап бере отырып, халықаралық стандарттарға сай қызметтердің ерекшелігіне байланысты, орта есеппен 3-тен 15%-ға дейінгі аралықты құрайтынын атап өтті.

ЭКСПО-ға қатысушы елдер үшін бизнес-анықтаманы дайындауды аяқтау қарашаға жоспарланған. Сол себепті көрме ұйымдастырушылары шағын және орта бизнес өкілдерін байқау өтініштерін өткізуді созып жүрмеуге шақырды.

«Біз ұйымдастырушылар ретінде, осы қызметтерді пайдаланатын қатысушылар мен тұтынушылар тобына таңдау құқығын беруге міндеттіміз. Біз тек қана компанияларымыздың сенімділігі мен сапасын тексеруге тырысамыз. Өйткені олар бізді көрме кезінде ұятқа қалдырмауы, ақылға қонымды сомада сол және өзге де қызмет түрлерін уақытында жүргізуі,  ең бастысы тәжірибелі деңгейде ұйымдастыруы керек», – деді Илья Оразақов.

«Астана ЭКСПО-2017» болжамы бойынша, көрмеге 5 миллион адам келеді. Сондай-ақ, орташа есеппен, олардың әрқайсысы ЭКСПО аумағында 4-7 сағат болады деп күтіліп отыр. Ұлттық компанияның мәліметі бойынша, көрмеге қатысушы елдердің шетелдік делегацияларының тек қызмет көрсетушілер саны, оның ішінде ұйымдастырушылардың  қызметін қоса алғанда, 5000-10000 адамды құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер