«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» мысырлық меймандармен кездесу өтті

2016 жылғы 13 Қыркүйек
7016 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мысырлық және қазақстандық кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық орнатудың тиімді бағыттары талқыланды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Египет Араб Республикасының делегациясын аталған елдің Қазақстандағы елшісі Хайсам Салах Камел Ибрахим мен ЭКСПО Астана-2017 бас комиссары Ахмед Таха Хасан Борайе мырза бастап келді.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева кездесуді аша отырып, қонақтарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының билік пен бизнес арасында келіссөздер жүргізудегі негізгі қызмет салаларымен таныстырды. Кездесудің күн тәртібінде тұрған египеттік және қазақстандық кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық орнату, b2b шараларын өткізу мүмкіндіктері және бірлескен инвестицияларды жеткізу жүйесі, сондай-ақ туризм, ЭКСПО-2017 сынды мәселелер талқыланды.

Юлия Якупбаева Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтардың инвестициялық жобаларын айқындайтын  кәсіпкерлердің өңірлік картасын жүзеге асырып жатқанын хабарлады. «Біз туризм, медицина және фармацевтика, өңдеу өнекәсіптері және аграрлық сектор бойынша инвестицияға қызығушылық танытып отырмыз», – деді ол.

ҰКП Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Әсел Дангилова «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асып отырған инвестициялық жобалар туралы баяндап берді: «Мемлекет басшылары жария еткен басты бағыттардан бөлек (дәрілік заттарды өндіру мен астық жеткізу), 2016 жылдың бірінші жартысының ішінде 30 жаңа жоба іске қосылды. Химиялық сала мен пластика өндіру және тағы басқа жаңа жобалар жоспарланып отыр».

ЭКСПО Астана-2017 бас комиссары Ахмед Таха Хасан Борайе өзінің көрме аясында атқаратын қызметі туралы айтып берді және де египеттік кәсіпкерлердің осы шараға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. «Көрменің кең алаңды болуы Египеттен көп кәсіпкерлердің келуіне мүмкіндік береді. Біз талқыға салатын басты мәселелердің жиынын анықтап алуымыз керек. Мысалы, египеттік бизнесмендер өнімдерін ұсына алатын, каталогтарын көрсете алатын кездесу ауқымы мен өткізілетін орнын белгілеп алғанымыз жөн», – деді Борайе мырза. Сондай-ақ, қонақтар екі ел арасындағы тікелей рейстердің ашылу қажеттілігін атап өтті. Ол өз кезегінде өзара кәсіпкерлікті, туризмді дамытуға жол ашар еді.

Кездесу соңында екі тарап «ЭКСПО-2017» көрмесі басталғанға дейін, 2017 жылдың басында b2b шараларын өткізуге уағдаласты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер