«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Египетке ұшатын уақыт емес

2015 жылғы 13 Қараша
9898 просмотров

Қазақстандық туристер пирамидалар елінен әкетілді

Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпанияларға Египет әуежайларына ұшуды шектеуге ұсыныс берді. Туристік компанияларға турпакеттерді сатуды тоқтата тұруға бұйырылды. Оның үстіне тоқтату «Когалымавиа» әуе кемесімен орын алған әуе апатын тергеудегі алдын-ала қорытындылар жарияланғанға дейін созылады, деп аталды Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Аталмыш мәселелер авиакомпаниялар мен туристік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Азаматтық авиация комитетінде өткен шұғыл жиналыста талқыланды. Комитетте Шарм-эль-Шейх әуежайында (Египет) қазақстандық авиажеткізушілердің қауіпсіздігіне төнген қатер дәрежесіне берілген баға ұсынылды. Бұл бағалау авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық ережелер мен тәуекелдерді басқару жүйесінің ИКАО стандартты әдістемесі негізінде жүргізілген. Бағалау қорытындысы бойынша Египетке ұшатын қазақстандық авикомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейі айқын болды.

Туристік компания берген деректерге сүйенсек, Шарм-эль-Шейх шипажайы турпакеттерін Египетке 2016 жылғы қаңтар айының ортасына дейін баруды жоспарлаған 800 қазақстандық сатып алған екен. Инвестициялар және даму министрлігі берген деректер бойынша, қазір Шарм-эль-Шейхте 233 отандасымыз демалып жатыр. Оларға 17 қарашада «SCAT» авиакомпаниясының чартерлік сапары жөнелтілмекші.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер