Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы, бизнеске көзқарасты өзгертті
Ғани Қасымов кәсіпкерлер құқығын қорғайтын басты институттың мақсат-міндеттері жайында әңгімеледі
«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымовтың айтуынша, Ұлттық палатаның құрылуы Қазақстанда алғашқы дағдарыс өтіп, одан кейінгі дағдарыстың салқыны сезіле бастаған уақытқа дөп келген. Яғни, бұл тез арада шешім қабылдайтын уақыт еді. Оның пікірінше, ол тұста Қазақстандағы бизнес ірі, орта және шағын деп жіктелген екен. Ал, соңғысының үлесі тіптен 10-15%-тең болған. «Ұлттық палатаны құру бизнеске деген көзқарасты түбірімен өзгертті – бұл біріншіден, екіншіден, оның дамуына айтарлықтай серпін берді. Бар-жоғы 3 жылдың ішінде орта және шағын бизнес көлемі 18-20%-дан 25%-ға дейін артты. Бұл дағдарыс жағдайында үлкен көрсеткіш болып саналады»,– деп атап өтті ол.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы ТМД бойынша ҰКП сияқты ұйым жоқ екеніне тоқталды. «Біз көптеген дүниелерді бірінші рет қолға алдық. Біз көп уақыт бойы «тұлпарларымызды» баптап, оларды «бәйгеге» қоса білдік. Алғашқы қадамда көбі сүрінетін болса, біз керісінше, нәтижелі жоба жасай алдық»,– деді Қасымов.
Қасымов, өз кезегінде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет пен Парламент, заң шығарушы, атқарушы органдардың көзқарасын өзгерткенін айтып, қосымша әкімшілік кедергілер тудырып, бизнестің дамуына тежеу болған экономикалық заңдардың қайта қаралуына түрткі болғанын алға тартты. «Яғни, біз 1990-2000 жылдарғы ескі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сынды ірі институттың арқасында бизнеске көрсетілетін қысымды болдырмауды қарастыратын жаңа заңдар туралы айтып отырмыз. Жаңа қабылданған заңдар немесе олардағы түзетулер бизнеске салмақ түсірмеу үшін жаңа істерді қолға алу қажет болды. Бұл ауқымды жұмыс екені белгілі»,– дейді ол.
«Атамекен» ҰКП құрудағы басты нәтиже – бизнестің қарқынды дамуының негізін қалау»,– деп сөзін қорытындылады Ғани Қасымов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: