«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына - 3 жыл
Осыдан үш жыл бұрын ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ның бірлескен шешімімен 2013 жылдың 9 қыркүйегінде қазіргі «Атамекен» ҚР ҰКП құрылған болатын.
Осы ретте ұйымның бірегей қызметін атап өткім келеді. Себебі біз бизнес пен мемлекеттің, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық мүдделердің тоғысында қызмет атқарып келеміз.
Үш жыл – адамның өсіп жетілуіне аз уақыт болғанымен, ұйымның өркендеуі үшін жеткілікті уақыт. Осы аралықта «Атамекен» ҰКП көптеген игі істердің бастауында болды, себебі тек жүзеге асырылған қыруар еңбекті атап өтудің өзі біршама уақытты алады. Аталған жетістікке қол жеткізуіміз ұйымдасқан кәсіби білікті ұжымның арқасында деп білемін.
Осы себепті «Атамекен» ҚР ҰКП-ның барлық қызметкерлеріне жемісті еңбектері үшін алғыс білдіріп, үшжылдық мерейтоймен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Палата ұжымына қажырлы қайрат, денсаулық және амандық тілеймін!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: