«Атамекен» – бизнес мүддесі жолында
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – Қазақстанның кәсіпкерлік қауымдастығын нығайту
2015 жылдың 27 наурызында ол «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде қайта тіркелді (ҚР ҰКП ІІ кезектен тыс Съезінің 27.01.2015 ж. шешімімен).
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. ҰКП бизнестің ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізу күшін нығайту үшін құрылды. Кәсіпкерлер палатасы сыртқы және ішкі сауда-саттықты қоса алғанда кәсіпкерліктің барлық саласын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін қорғайды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау. Ұлттық палатаның қызметі ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін елдегі іскерлік, инвестициялық климатты жақсартуға, тұрақтылықты, бизнесті жүргізу жағдайын дамытуға бағытталған.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов атап өткендей, «Атамекен» бизнес пен билік арасындағы сұхбат алаңы. «Бүгінде сұхбаттасу алаңы құрылды. Біз Қазақстанның барлық консультативтік-кеңестік органдарының құрамына енгізілдік. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның барлық жұмысшы органдарында өкілдеріміз бар, бақылаушы органдарға даму институттарын енгізу жұмыстары басталып кетті», – дейді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: