«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қоғамдық кеңес құрамына енді

2016 жылғы 15 Маусым
8916 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамына енді

Қоғамдық кеңес «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасы жанындағы алқалы-кеңесшілік орган болып саналады. Оның құрамына беделді қазақстандық және халықаралық қоғам қайраткерлері, ғалымдар, азаматтық қоғам мен бизнес-орта өкілдері кірген. Аталған қоғамдық ұйым азаматтық қоғамның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме секілді аса маңызды әрі беделді шараны ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде өз пікірін жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін  құрылған.

Қоғамдық кеңес міндеттері көрмені ұйымдастыру және өткізуге қатысты ұсыныстар мен пікірлер айту, көрмені ұйымдастыру және өткізудің қолайлы шарттарын жасау үшін Компания мен қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту, көрмені ұйымдастыру және өткізу аясында өзге де мәселелерді қарау және талқылау бағыттарынан тұрады.

Көрме мүшелері ұйым отырысының күн тәртібін қалыптастыру жөнінде өз ұсыныстарын енгізуге, қаралатын мәселелерге қатысты құжаттармен танысуға, талқыға салынған мәселелер жөнінде өз пікірін айтуға, қабылданған шешімдер жобалары мен Кеңес отырысы хаттамасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын білдіруге құқылы.

Қоғамдық кеңес отырыстары кем дегенде екі айда бір рет ұйымдастырылады.

Маусым айының аяғында «ЭКСПО ішкі және сырттан келу туризмін дамытуға серпін береді» атты Кеңес отырысы өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер