«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үйі жоқтың күйі жоқ

2016 жылғы 15 Маусым
8264 просмотров

Жеке тұрғын үй құрылысы телімдеріне инфрақұрылым жүргізуге қаржы бөліне ме?

Шетелдік инвесторлар кеңесі кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген  Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  ЖТҚ телімдері үшін инфрақұрылымға қаржы жоқ екендігін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, ЖТҚ телімдеріне инженерлік-техникалық коммуникация жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс, алайда әзірге бұған қаржы қарастырылмаған. 

«Бюджетте қосымша ресурс пайда болысымен, қаржы бөлінеді, жергілікті бюджетте де сондай болмақ. Бұл бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазір дәл айта алмаймын, дегенмен онда да инфрақұрылымға, газға, электр қуатына арналған белгілі бір шығыстар бар. Заң бойынша тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілсе ғана жеке-тұрғын үй телімдері беріледі. ЖТҚ аясында 10 сотық бөлу жұмысын жергілікті атқарушы органдар атқарады, ал Ауыл шаруашылығы министрлігінде бұл міндетті қызмет жер комитетіне берілген, ол жер мәселелерімен, жер кадастрымен, есепке алумен шұғылданады»,– деп түсіндірді  Қуандық  Бишімбаев.

Астана мен Алматыда жер беру жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. «Жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерінен инфрақұрылым құрылысына қаржы қарастыруы тиіс, өйткені олар азаматтарға жерді тікелей ЖТҚ аясында береді. Мұның барлығы экономикалық ахуалға, республикалық және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты», – деп түсінік берді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен бірге ол «инфрақұрылымға ақша бөлу – жергілікті атқарушы органдардың міндеті» деп қадап айтты. 

«Жалпы қазір елде ақша аз болғандықтан, басқаша экономикалық ахуал қалыптасты, ал біздің бұл мәселеде қолдау көрсететін мүмкіндігіміз жоқ», –  деп қорытындылады Қуандық Бишімбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер