«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес, ол – тәуекелге дайын болу

2016 жылғы 20 Мамыр
10252 просмотров

ҰКП Басқарма басшысы кәсіпкерлік бойынша өткен жастар чемпионатының жеңімпаздарымен әңгімелесті

Бейресми кездесуге «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстерді шешу бойынша республикалық чемпионатының жеңімпазы – ҚазМЗУ-нің «Элит» командасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және байқауды ұйымдастырушылар қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы жеңімпаздарды құттықтады. Ол танысқанына ризашылығын білдірді және де кездесуді жұмыс күнінің соңындағы ұнамды сый деп атады. Абылай Мырзахметов өзі туралы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы жайында айтты. Ол «Атамекен» Қазақстанның тұрғындарына көрсетіп отырған сервистік көмекке кеңінен тоқталды. «Сіздерге қызықты болатын – сервистік қолдау туралы айтып берейін. Бұл жағын біз енді ғана жолға қоя бастадық. Қазір ҰКП Адам капиталын дамыту департаменті бизнеспен айналысқысы келген әрбір адам үйінен шықпай-ақ пайдалана алуы үшін онлайн-сервис даярлауда. Біздің сервистік қолдау – бұл қаржылық емес тегін көмек, ол түрлі консультацияларды, бизнес-жоспарларды дайындауға көмекті және тағы басқаларды қамтиды. Қазір біз осының бәрін онлайн түрінде қолжетімді еткіміз келеді», – деді ол.

Сондай-ақ, студенттерге қарата Абылай Мырзахметов бизнестің нақты қасиеттерді талап ететінін атап айтты. «Қандай да бір қабілет болуы тиіс, тәуекелге даяр болу, жауапкершілікті мойныңа алу, көшбасшы болу қажет. Біреу – менеджер, біреу – бизнестің қожасы, ал біреу болса – жалдамалы жұмыскер – әркімнің өз рөлі бар», – деп өз пікірімен бөлісті Палата басқарма басшысы.

 «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстердің шешімін табу чемпионаты іскерлік ойындар сериясын білдіреді, ойын барысында қатысушылар бизнес-кейстің нақты шешімін табудың ықтимал тәсілдерін ұсынады. Сондай-ақ, оған кәсіпкерлік жөніндегі сұрақ-жауап жүргізу де  кіреді.

Жобаның ұйымдастырушылары – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,  «Алматы Менеджмент Университетінің» Кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығы және «SANA Eurasia» қоғамдық қоры.

Чемпионаттың мақсаты – кәсіпкерлікті жастар ортасында тиімді өмірлік стратегия ретінде насихаттау, сондай-ақ, экономикалық және кәсіпкерлік ортада жастардың әлеуетін дамытуды жандандыру. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер