«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкерлерге тәжірибе жинақтауда қолдау көрсетейік

2016 жылғы 06 Сәуір
9684 просмотров

Қымыздан балмұздақ және қант диабетіне шалдыққандарға арнап азық-түлік жасауды ойлап тапқан студенттер кәсіпорындарда бизнес-тағылымдамадан өтетін болады

Өңіраралық бизнес-тағылымдаманы «Атамекен» Палатасының және «Казка» Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының қолдауымен Қазақстанның Жастар конгресі ұйымдастырған. Бүгін «Атамекен» алаңында жоба іске қосылды. Ашылу салтанатына «Даму» Кәсіпкерлерді дамыту қоры қатысты.

Жоба аясында бастаушы кәсіпкерлер Астанадағы шағын және орта кәсіпорындардан 2016 жылдың 6-9 сәуір аралығында тағылымдамадан өтетін болады. Оған идеялары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 4-5 желтоқсан аралығында өткен  «Бизнес және білім беру» республикалық жас кәсіпкерлер форумында үздік деп танылған студенттер қатысатын болады. Төрт күндік тағылымдама кезінде студенттер астаналық табысты бизнесмендермен кездесуге мүмкіндік алып, «Атамекен», «Казка» жобаларымен танысады және «Даму» қоры беретін мемлекеттік қолдауға ие болу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.

«Біз өз тарапымыздан сіздердің қызығушылықтарыңызды тудыратын кәсіпорындарды табуға тырыстық. Ойымыз іске асты деп ойлаймыз. Осы мәселеге қатысты сіздермен кері байланыс орнатуға құлықты болып отырмыз», – деді «Атамекен» өкілі Дмитрий Савеленко.

«Даму» қорының өкілі Исламбек Қайырбеков, өз кезегінде, өз презентациясында жастар кәсіпкерлігін қолдау құралдары туралы айтып берді.

Тағылымдама қатысушыларының әрқайсысында бүгінгі күн үшін өзекті болып отырған бизнесі немесе инновациялық идеясы бар. Мәселен ПМУ студенті Арнагүл Бүркіт топинамбур өсірумен айналысады, одан ол денсаулыққа пайдалы азық-түлік өндіруді көздеп отыр. Бұл аса маңызды іс, себебі топинамбур құрамында инсулин көп. Бұл зат, крахмалмен салыстырғанда қандағы қант мөлшеріне іс жүзінде әсер етпейді, ал оны ұзақ уақыт бойы қолданған жағдайда тіпті оны төмендетуге шамасы жетеді. Сондықтан да қант диабетіне шалдыққан адамдар топинамбурды пайдалануы керек. Топинамбур асқазан және ұйқы безі ауыратындар үшін де пайдалы. ПМУ-дің тағы бір студенті Ләззат Смағұлова нарыққа инновациялық  «мұздатылған йогуртты» ұсынып отыр, бұл жеңіл сергітетін десерт, оның негізгі ингредиенттері ашытуға арналған йогурт дақылдары мен майсыздандырылған сүт. Нұрғиза Қалымова мен Асқат Айтжанов (ПМУ) «Бизнес және білім беру» форумында  500 мың теңге жеңіп алып, Павлодар нарығында қымыздан балмұздақ жасаумен табысты айналысып жүр. Олар өз технологиясын патенттеп алған және өнімдерін кең ауқымда таратуды жоспарлап отыр. Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Мемлекеттік университет (Семей қ.)  студенті Жанерке Егежанова заманалы шығармашылық студиясын құруды көздеп отыр. Студия жұмысы психологиялық проблемаларды шешуге бағытталатын болады. Мұндай терапияға жасы мен жынысына қарамастан кез келген адам қатыса алады. Тағылымдамаға қатысып отырған тағы  бір  бастаушы бизнесмен Әділ Арманұлы хендмейдшілер мен олардың бұйымдарын ілгерілетуге, шығармашылыққа арналған материалдарды сатуға, сонымен бірге Қазақстан бойынша қолөнер бұйымдарының маусымдық жәрмеңкесін ұйымдастыруға арналған онлайн алаң жасап шығаруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер