«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастар кәсіпкерлігін дамытудағы АҚШ-тың тәжірибесі

2016 жылғы 17 Наурыз
12661 просмотров

«Атамекен» ҰКП-да жастар кәсіпкерлігін қолдауға байланысты дөңгелек үстел өтті

Видеобайланыс режімінде өткен шара жұмысына өңірлік кәсіпкерлік палаталарының қызметкерлері мен 170-тен астам жас бизнесмендер қатысты. Сонымен бірге, жиынға АҚШ елшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Даму» КДҚ, Alma University және өзге де ұйымдардың өкілдері келді.

Қатысушылардың назарына жастар кәсіпкерлігін қолдаудағы АҚШ-тың тәжірибесі туралы, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП тарапынан ұсыналатын қолдау шаралары туралы, атап айтсақ, қаржылық емес қолдау көрсету мен Палатаның шағын несие беру бағдарламасы бойынша баяндамалар ұсынылды.

Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры Бағдат Телебай «Атамекен» іске асырып жатқан қаржылық емес қолдаудың негізгі құралдарын тізбелеп берді. Өз сөзінде ол бизнес жасау бойынша қысқа мерзімді білім беретін «Бизнес-кеңесші», барлық қор түрлерін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін машықтарды қалыптастыру мақсатында оқытылатын «Бизнес-өсу» бағдарламасы, жобалардың нақты түрлері бойынша білім беріп, оларға қолдау көрсететін бағдарлама – тәлімгерлік қағидасына құрылған Жобалық оқыту сияқты «Бизнес-мектептің» негізгі құрамдас бөліктері туралы айтып берді.

Әлеуметтік бастамалар мен жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «SANA Eurasia» қоғамдық қорының сарапшысы Дмитрий Савеленко АҚШ-та да Қазақстандағыдай жастар кәсіпкерлігі жеке санатқа бөлінбейтіндігін, алайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тәсілі арқылы дамып жатқандығын айтып берді. Оның айтуынша, АҚШ-тың экономикалық белсенді тұрғынының 24%-ы, яғни 6 миллиондайы жастар екен. Штаттарда 40-тан астам кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалар жұмыс істеуде. Атап өтсек, бизнесмендерге оқыту және бизнесті дамыту бағдарламалары арқылы қолдау танытылады (The Center for Entrepreneurship); университеттердің жанынан құрылған бизнес-кеңістіктер (бизнес-кампустар, пікір-талас клубтары, кеңес беруші ұйымдар және т.б.); Қорлар (корпоративтік, венчурлік, қайырымдылық, файндразинг, краудфа́ндинг); бизнес-періштелер; бизнес-акселераторлар мен инкубаторлар.  

Дөңгелек үстел белсенді режімде өтті: қатысушылар тек қана сұрақ қоюмен шектелмей, жастар бизнес-қоғамдастықтарының проблемаларын шешуде нақты ұсыныстарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер