«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық компаниялар кәсіби мамандарды тартуда

2016 жылғы 12 Сәуір
8574 просмотров

Ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар ірі нысандар туралы келісімдерге қолдау білдіретін тәуелсіз сарапшыларды іріктеу жұмыстарын бастап кетті

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ержелеріне сәйкес Тәуелсіз кеңесші мен бағалау қызметін орындаушыны таңдау тәртібі бекітілді. Қазіргі таңда сауал жіберу мен әлеуетті қатысушылардан бағалық ұсыныстарды жинау процесі өтіп жатыр.

Отандық қаржы нарығының өкілдері жоғарыда көрсетілген Ережелерге сәйкес тәуелсіз кеңесшілерді таңдау бойынша байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу үшін ұлттық компаниялар нысандарын бәсекелі ортаға беру бойынша өз бағалық ұсыныстары мен презентация түрінде компания туралы қысқаша шолу (M&A келісімдерін жасаудағы жұмыс тәжірибесі, компания қызметкерлері және т.б. туралы мәліметтер) ұсынуы қажет. Коммерциялық ұсыныстарды тікелей ұлттық компанияларға жолдауға болады (ақпарат компаниялар сайттарында бар).

Отандық брокерлік ұйымдар мен құнды қағаздар нарығы қатысушыларының заңдастырылатын ірі нысандарды тәуелсіз сарапшы ретінде қолдауы туралы ұсынысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірнеше мәрте алға тартқан болатын. Бұл ұсынысты Палата нысандарды Қазақстанның қор биржасы механизмдері арқылы заңдастыру, сонымен бірге ҰКП өкілдерін мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жанындағы Жобалау кеңселер құрамына енгізу секілді ұсыныстарымен қатар айтқан болатын.

Аталған мәселелер оң шешімін тапты. Бүгінгі күні Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен  ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және заңдастыру комитеті, «Самырұқ-қазына» ҰӘҚ» АҚ, ««Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгро ҰБХ» АҚ жанынан халықаралық кеңесшілерді, халықаралық қаржы институттары (ЕҚДБ, ХҚК және т.б.) мен Қазақстандық қор биржасын тарту арқылы Жобалау кеңселері құрылған. Жұмыс топтарын құрудағы мақсат – шарттарды, тәсілдерді, акция пакеттерінің мөлшері (қатысу үлестері), жүзеге асыру мерзімдері мен нысандарды сату алдында даярлықтан өткізуді қоса қамтыған ұсыныстар жасап шығару. Ұлттық экономика министрлігі ҚР ҰКП өкілдерінің белсенділігі мен комиссия мүшелері ретіндегі тиімді жұмысын ерекше атап, олардың заңдастырудың басымдық берілген нысандарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс топтарына (Жобалау кеңселері) қатысуына қолдау білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер