Қостанайдағы аспаздық start-up
Қамысты ауылында жаңа піскен тоқаштар, ерекше торттар мен тәтті бәліштер пісірілетін болды
Аудан орталығында алғашқы кәсіби аспазхана ашылды.
Ауылдық өлшем бойынша кірісі мол саналатын бизнесті Ирина Бухарова ашты. Аспаздық өнерді ол бұрыннан меңгерген екен, бастапқыда торттарды үйде пісірді және оған тапсырыстар үзілмеді. Бір жыл бұрын Ирина кәсібінің аясын кеңейтіп, арнайы ғимарат тауып, жабдық сатып алу қажет деп шешкен. Осылайша ол Кәсіпкерлікті қолдау орталығына барып жүгінеді.
«Мен есептеп, шамамен 3 млн.теңге керек екенін анықтадым. Маған «Тобол» ӘКК ауылдық бизнесті дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландыруды рәсімдеуге кеңес берген болатын. Палатаға жүгіндім, онда маған бизнес-жоспар құрып берді және құжат рәсімдеу жұмыстарымен жүгіріп жүрген кезде де ондағы мамандар маған көмектесіп отырды. Біз бірлестікте жарты жылдан астам уақыт бойы жабдық сатып алуға қағаздар жинаумен, жайды жалға алу мәселелерімен айналыстық. Ақыр аяғында желтоқсан айында біз ашылып, жұмысымызды бастап кеттік»,– дейді жеке кәсіпкер.
Пеште піскен бәліштер, тәтті тоқаштар, 55 теңгеден сатылатын жаңа піскен нан, тіпті дайын қамыр – бұл бастаушы кәсіпкердің өз ауылдастарына ұсынатын өнімдерінің аз ғана бөлігі. Негізгі уақыт мен күш әлі де тапсырыс арқылы торттар пісіруге кетеді, сондықтан ол тағы бір аспазшы тартуды жоспарлап отыр.
«Әлбетте, мен жақындарымның, Палатаның көмегінсіз табысқа жетпес едім. Жоспарларым бар. Өнімдердің түр-түрін, түрлі салаттар жасайтын боламын, қысқасы заман талабына сай әрекет етпекпін. Тұрғындарға менің өнімдерім ұнап жатыр, тіпті көрші ауылдардан келіп, тапсырыс беретіндері бар»,– дейді Ирина Бухарова.
Кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында бизнесті қаржылық емес қолдау операторы ретінде жұмыс жасауда. 2015 жылы Қостанай облысы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына түрлі кеңестер алу үшін 14 мыңнан астам адам жүгінген. 400-ден астам клиент өз ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: