Түркістанда кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні өтті
Бүгін, Түркістан қаласындағы Turan Mall сауда орталығында «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты — кәсіпкерлер мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға жан-жақты кеңес беру, мемлекеттік қолдау жөнінде толық ақпарат ұсыну және бизнес жүргізудегі өзекті мәселелерді шешуге көмектесу.
Іс-шара барысында Палата мамандары келушілерге бірнеше бағыт бойынша тегін консультациялар көрсетті.
Бухгалтер-кеңесші:
Салық салу, онлайн-ККМ және кассалық тәртіп, POS-терминалдар, бухгалтерлік есеп жүргізу, есептілікті тапсыру, ЖК/ЖШС тіркеу, оңайлатылған режим және өзге де бухгалтерлік сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Менеджер-кеңесші:
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары, гранттар, «Даму» қорының бағдарламалары, мемлекеттік субсидиялар, оқыту жобалары, маркетинг және бизнесті дамыту бағыттары бойынша ақпарат берілді.
Палатаның заңгері:
Жалдау шарттарын жасау және бұзу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, тексерістер, айыппұлдар, еңбек қатынастары, тұтынушылар құқығы және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес ұсынылды.
Іс-шараға қатысқан ұйымдар:
Кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істейтін қаржылық және қолдау институттары да шараға қатысты. Атап айтқанда:
• Халық банкі
• ForteBank
• «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
• Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО)
Аталған ұйымдардың өкілдері қаржыландыру шарттары, несиелеу, кепілдік беру, мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялау және кәсіпкерлерді қолдаудың басқа да бағыттары бойынша консультация берді.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)




Пікір қалдыру:
Пікірлер: