Медициналық құрылғыны кім «емдейді»?
Қазақстанда емхана мен аурухананың медқұрылғыларын жөндеу үшін шеберлер дайындау қажет.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМедТех» АҚ мен бизнес құрылымдарының қатысуымен өткен ҰКП жиынында медициналық құрылғыларға сервистік қызмет көрсету сапасын көтеру мәселесі талқыланды. Яғни, жеке сектордағы медицина құрылғысысына сервистік қызметі көрсетуді кеңейту жайлы айтылды.
Жиынға қатысушылардың пікірінше, қымбат бағаға сатып алынған медқұрылғыларға дұрыс сервистік қызмет көрсетілмесе, ол жәй ғана істен шығып қалудан бөлек, осы саланың болашағын да түгел күйретуі мүмкін. Оның соңы, халыққа дұрыс дәрігерлік қызмет көрсете алмауына әкеп соғады. «Мұндағы күрделі мәселе – медициналық құрылғыларға, оның ішінде ағымдық жұмыстарға сервистік қызмет ұсынатын медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға қойылған талаптың қаталдығында болып отыр, – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП.
Сонымен қатар, медициналық құрылғыны қолданудың тиімділігін көтеру мәселесі денсаулық сақтау саласындағы маңызды сұрақтың бірі болып отыр, әрі оның маңыздылығы жаңа экономикалық талаптардың және медициналық құрылғылары бар (соңғы 5 жылда 70% өсті) емханаларды жабдықтаудың артуымен жылдан жылға өсіп келеді.
Былай алып қарағанда, осызамандық талаптарға жауап беретін білікті медицина инженерлері мен техникалық база бар денсаулық сақтаудың жаңа үлгісін дамыту оңай шаруа емес, бірақ қазақстандық кәсіпкерлер соны орындауға белсенді атсалысуға дайын екенін білдірді.
«Қазіргі таңда кәсіби дайындықты жүзеге асыратын құрылғы өндіруші немесе сондай мекеменің базасында құрылғының тиісті түрлеріне техникалық қызмет көрсететін медицина қызметкерлерін оқыту тәжірибесі республика көлемінде кенжелеп жатыр. Бұл халыққа дәрігерлік қызмет көрсету саласын тығырыққа тіреуі мүмкін. Құрылғыны қарапайым және тиімсіз пайдалануды қоспағанда, жабдықтарға стандарттар әзірлеу, сондай-ақ, кепілдендіруден кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелерін шешуді талап ететін сұрақтар баршылық» – деді ҰКП салалық комитетінің өкілдері.
Жиын қорытындысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 мамырдағы № 427 бұйрығын қайта қарау, оның ішінде медициналық ұйымдарға техникалық қолдау көрсетуге жеке сектордың қатысуы үшін кездесетін кедергілерді төмендету, сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету бойынша қазақстандық инженерлердің әлеуетін көтеру бойынша ұсыныстар жасау туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: