«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юлия Якупбаева: «Медициналық қызмет сапасын арттырмай, жүйе жаңа кезеңге қадам баспайды»

2016 жылғы 04 Қараша
10507 просмотров

Ведомствоаралық комиссия отырысында кәсіпкерлердің міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты заң жобасы бойынша ұстанымы белгілі болды

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік еңбек саласы мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы ҚР Әділет министрлігі жанындағы заң жобасы қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, Тұжырымдама ережелері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, салалық қауымдастықтар, ірі жұмыс берушілер, бизнес-қоғамдастықтар мен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен басқосуларда бірнеше мәрте талқыланған. Кездесулер нәтижесі бойынша, кәсіпкерлердің  ұсыныстары мен ескертулері Ұлттық палатаның сараптамалық қорытындыларында жарияланған екен.

«Жарналарды басқару әрі сапа мен медициналық қызметті басқару мәселелері МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) туралы заңмен бірге, Тұжырымдамада да жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. МӘМС аясында медициналық қызмет сапасын арттыруға қол жеткізбей, денсаулық сақтау жүйесі жаңа деңгейге қадам баспайды. Демек, азаматтар жаңа жүйеге өтуге қатысты қарсылық білдірулері мүмкін. Егер қызмет көлемі мен сапасы бұрынғы деңгейде қалса, не үшін қосымша қаражат төлеулері тиіс?», – деді Юлия Якупбаева.

Тұжырымдамада «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ұғымдарын алып тастау керектігі жазылған. Себебі, МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарына сай, әр тұлға аударымдар не/немесе жарналар төлеуі тиіс. Бұл ретте, егер  аударымдар мен жарналар төленбеген жағдайда, тұлғалар МӘМС жүйесі бойынша медициналық көмекті тек 3 айға дейін ғана ала алады. Яғни,  аударымдар мен жарналар төлеу тоқтатылғаннан бастап, медициналық көмекке жүгіне алмайды. 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы, жарналар мен аударымдарды төлемеген уақытта, МӘМС жүйесінде, аударымдар мен жарналар тоқтағаннан күннен бастап, медициналық көмекті тек 3-айға дейін алу туралы ереже қарастырылмаған. Мысалы, қызметкер еңбекақыны 3-4 ай кешіктіріп алса, оны ауруханада жату құқығын айыратын болады. Себебі, жұмыс беруші оның аударымдарын төлемеген. Нәтижесінде, жұмыспен қамту саласында наразылықтар мен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, тек белгілі бір уақыт аралығын ғана қамтитын сала қызметтерін де ескеру қажет. Бұл бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы және т.б.», – деді Юлия Якупбаева.

Айта кетерлігі, биылғы жылдың 28 маусымындағы жағдай бойынша, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың мәліметіне сәйкес, еңбекақыны 3 айдан астам уақыт бойы бере алмай келе жатқандардың қарызы 134 млн теңгені құраған, ал банкротқа ұшыраған кәсіпорындар қарызы 955 млн теңгеге жеткен.

«Тұжырымдамада медициналық көмекті 6 айдағы және одан да көп мерзімдегі қарызды бір реттік төлеммен жабу жағдайы да қамтылмаған.  Заңда  салық міндеттері бойынша жарналар алу сияқты, МӘМС жүйесінде аударымдар сомасын уақытында төлемеу жағдайлары бойынша, қажетті шаралар мен ережелер бекітілген (өсімақыны төлету, банк есептерінен төлемді алу және т.б.). Осыған орай, МӘМС жүйесін басқару мәселелерін ірі кәсіпорындардың кәсіподақтарымен талқылап, қосымша жұмыс жасауды ұсынамыз», – деді ол.

ҰКП басшылығының өкілі, банкротқа ұшырған кәсіпорын қызметкерлерінің аударымдарын жұмыс берушілердің төлеуіне қатысты және ұзақ мерзімді ақысыз демалыстағы қызметкерлер жағдайын жүзеге асыру мүмкін емес екенін жеткізді.  

«Қолданыстағы ережелер де, әзірленетін заң жобасында да, «кенеттен орын алған шығынға» не жатқызылатыны қарастырылмаған. «Кенеттен орын алған шығын» ұғымын дұрыс түсінбеу және еш себепсіз шығындарды аталған санатқа жатқызу, Қор қаражатын заңға қайшы әрі мақсатсыз жұмсау қаупін төндіруі мүмкін», – деп түсіндірді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Тұжырымдамада жұмыс берушіге жұмыспен қамту орталығына ішкі өндірісте оқыту, қайта даярлау және кәсіби дайындықтан өткен қызметкерлердің саны туралы ақпаратты беру жүктеліп отыр. «Жұмыс беруші өз бетімен, жеке қаражаты есебінен және өзінің бастамасымен, осындай оқытудан өткізеді десек, бұл туралы оның Жұмыспен қамту орталығы алдында есеп беруі қисынсыз деп санаймыз. Бұдан бөлек, аталған ережені енгізу қосымша есеп-қисап санының артуына әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде, жұмыс берушіге жұмыс көлемін арттырып, қызметкерге салмақ түсіреді. Сондай-ақ, материалдық шығынның артуына да себеп болады», – деген Якупбаева, тұжырымдаманы тағы бір мәрте қарап шығу қажеттігіне тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілістің жұмыс тобындағы депутаттар тобы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2019 жылға қалдыру туралы ұсыныс айтқан еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер