«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Жекешелендірудің икемді тәсілі және энергия тиімділігі – бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау

2016 жылғы 22 Қаңтар
10619 просмотров

Тимур Құлыбаев Энергетика және жаңа технологиялар комитетінің жұмыс жиналысында бірқатар ұсыныстар берді

Қазақстандық бизнес қолдауға зәру және энегетика саласын қоса алғанда кешенді жекешелендіру қазіргі – күрделі экономикалық жағдайға бейімделуге тиіс, деген сенімде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

«Аталмыш жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде сөз бюджетті толтыру емес, отандық нақты бизнесті құру жайлы болып отыр. Кәсіпорындарды жекешелендіруде бірінші, екінші, үшінші кезек отандық кәсіпкерлерге беріледі. Бизнестің ақшасы жетпей жатыр, сондықтан да компанияға бастапқыда, мәселен, жалпы құннан 25 пайызды төлеуге, ал қалған бөлігін бөліп төлеуге мүмкіндік беретін икемді тәсілді дайындау жайлы айтып отырмыз. Кәсіпорындарды меншікке беру үшін нақты қызмет саласындағы тәжірибе, компанияның беделі, кәсіпқой білікті топ сияқты құрамдастар маңызды шарт болуға тиіс. «Атамекен» мұндай компанияларды толық орындалғанға дейін сүйемелге алады. Ірі нысандар кез-келген жағдайда Үкімет бақылауында, барлық жекешелендірілетін кәсіпорындар бойынша арнайы комиссия жұмыс жасайды», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысы дағдарысқа қарсы қолдау тақырыбын жалғай отырып, энергия тиімділігі есебінен кәсіпорын қаражаты мен қуатын үнемдеуге ерекше көңіл бөлді.

«Энергияның арзан көздері болып отырған жағдайда энергияны үнемдеуге түрткі де жоқ екені түсінікті. Алайда бұл қуаттың 30 пайыздан астамын үнемдеуге болатын басты тармақтардың бірі екенін ескеру керек. Тамаша мысал – алғашқы үш жылда ғана электр энергиясы бойынша шығынның үштен бірін қысқартуға мүмкіндік беретін энергия үнемдеу жүйесін енгізген Қазан. Одан қай жеріміз кем? Энергия үнемдеудің мақсаттық бағдарламасын жасақтап, ресурс үнемдейтін және энергия тиімді технологияларды, жабдықтарды, интеллектуалдық энергия желілерін және т.б. енгізу қажет. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңды көтерейік те, оның тәжірибеде жұмыс жасай бастауы үшін қолдан келгенін жасайық», - деп баса көрсетті Тимур Құлыбаев.

Ол сонымен қатар жел энергетикасы сияқты баламалы энергия көздерін дамыту мәселелерін қарауды ұсынды, сонымен қатар еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде екі инновациялық хаб құру идеясына қолдау көрсетті. Аталмыш хабтар капитал мен технологияның түйіскен тұсы, оқу ғылыми-зерттеу кешеніне айналмақ. Хабтардың жұмысы қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік процестеріне бұрыннан келе жатқан технологияларды енгізуге бағытталады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысы

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырудың нысаналы индикаторлары

1. 2021 жылға қарай республикалық меншіктегі ұйымдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерін 15 %-ға қысқарту.
2. Коммуналдық меншіктегі ұйымдардың жалпы санына шаққанда олардың 5 %-ын бәсекелес ортаға беру.

 

Басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесі

Р/с

Р/с

Ұйым атауы

Іске асыру тәсілі *

1

2

3

4

 

Квазимемлекеттік сектор ұйымдарының тізбесі

 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

17.

4.

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы, оның құрамында:

IPO

 

1)

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

2)

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамы

 

3)

Forum Muider BV («Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

 

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы

51.

38.

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы

 

52.

39.

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы

 

53.

40.

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» акционерлік қоғамы

 

54.

41.

«Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» акционерлік қоғамы, оның құрамында::

 

 

 

«Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55.

42.

«Алматыэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

56.

43.

«Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамы

 

57.

44.

«Тегіс Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында:

 

 

 

«Маңғышлақ Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі

Р/с

Ұйым атауы

1

2

 «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы

132.

«Шелек-28» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

133.

Wexler Ltd.

134.

Mettlera Corporation Ltd.

135.

Mersal Coal Holdings Ltd.

136.

Manetas Coal Holdings Ltd.

137.

Grasedol Coal Holdings Ltd.

138.

Crouch Estate Ltd.

139.

Alloyal Ltd.

140.

Bleson Coal Holdings Ltd.

141.

«Карагандагипрошахт и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

* Тізбеде акциялар пакетін өткізу ІРО-да көзделген ұйымдар (компаниялар) берілген. IPO дегеніміз – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі эмитент акцияларын, не болмаса эмитенттің бұрын орналастырылмаған акцияларын тұлғалардың шектелмеген тобына бағалы қағаздар нарығында жария ұсыну. Басқа ұйымдарды (компанияларды) өткізу тәсілдері белгіленген тәртіпте анықталады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер