«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мөлшерлеме төмендеді

2016 жылғы 18 Қаңтар
12318 просмотров

2016 жылғы қаңтар айынан бастап ДСҰ аясында төмендетілген кедендік әкелу мөлшерлемелері қолданылады

2015 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқылы мүшесіне айналды. Қазақстан ДСҰ‑ға кіру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі аясында тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін төмендету жайлы міндеттемені мойнына алды.

Қазақстан Республикасы сонымен бірге Қазақстанға төмендетілген импорттық баждар бойынша әкелінген тауарлардың қадағалануын, сондай‑ақ ЕАЭО басқа мүше мемлекеттер аумағына мұндай тауарлардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында есепке алу жүйесін құруға тиіс.

ҰКП осыған орай кәсіпкерлердің ҚР‑ға тауар әкелу кезінде мынаған назар аударуын сұрайды:

  1. егер тауар Қазақстан аумағында ғана пайдаланылатын болса, онда тауарды ДСҰ мөлшерлемесі бойынша кедендік ресімдеуден өткізуге болады.
  2. егер тауар Қазақстан аумағынан Одаққа мүше басқа мемлекеттерге апарылатын жағдайда, БКТ мөлшерлемесі бойынша тауарды кедендік тазартудан өткізу қажет. 

Тізбеге енгізілген, бірақ ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарларды апару шарты тауарға ілеспе құжаттың болуы болмақшы.

ҚР Қаржы министрлігі ҚР нормативтік‑құқықтық базасына екі тауарға ілеспе құжаттың ресімделуін көздейтін өзгерістер енгізді: Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара сауданы жүзеге асырған кездегі кедендік декларация және электронды шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) .

Анықтама үшін:

Тауарға ілеспе құжаттар сонымен қатар:

- бұрын үшінші елдер аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде;

- Қазақстан Республикасы аумағына ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген тауарларды өткізу кезінде, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген;

- ЕАЭО СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарларды өткізу кезінде;

- тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан, мұндай тауарды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты, ЕАЭО басқа мүшесінің аумағына апарғанда қажет.

Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінген тауарлар және одан өндірілген өнім Кеден одағы аумағымен аталмыш тауарлар ЕАЭО ветеринарлық‑санитарлық шаралар талаптары бойынша және ЕАЭО қолданыстағы БКТ мөлшерлемесі бойынша әкелінген жағдайда ғана алып жүрілуі мүмкін.

Егер аталмыш тауарлар және олардан жасалған өнім ЕАЭО ветеринарлық‑санитарлық шаралар саласындағы талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша, яғни ДСҰ нормаларына сәйкес ЕО‑ҚР форматындағы сертификаттармен әкелінген жағдайда (Еуразиялық Одақ‑Қазақстан Республикасы форматындағы 13 ветеринарлық сертификат), басқа мүше мемлекеттер аумағымен жүре алмайды.

Осыған байланысты кәсіпкерлер назарын Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу/апарудың мына қағидаларына аударамыз.

  • Тізбедегі тауарларды әкелу/әкету кезіндегі кәсіпкердің әрекет ету алгоритмі:
  • Тізбедегі тауарды әкелу кезінде кеден декларациясын тауар әкелінетін мөлшерлемені көрсете отырып толтыру қажет (БКТ немесе ДСҰ);
  • Тізбедегі тауарларды өткізу кезінде электронды шот‑фактураны ресімдеу қажет;
  • Тізбедегі тауарларды апару кезінде ҚР ҚМ аумақтық мемлекеттік табыс органдарының ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері бойынша әкелуді растайтын кедендік декларация және электронды шот‑фактураның қағаздағы көшірмесі қажет.
  • Тізбедегі, бірақ Қазақстанда өндірілген тауарларды апару кезінде мына құжаттар болуы қажет:
  • СТ-1 формасындағы тауардың шығу тегі сертификатының болуы;
  • Электронды шот‑фактураның болуы;
  • СТ-1 және ЭШФ‑ны  ҚР ҚМ аумақтық мемлекеттік табыс органдарының растауы.
  • Ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды әкелу кезінде және мұндай тауарларды немесе одан өндірілетін өнімдерді одан әрі ЕАЭО елдеріне экспорттаған жағдайда:
  • Ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды ЕАЭО ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай формалары бойынша әкелу;
  • Мұндай тауарларды әкелу кезінде, олар Алып қоюлар тізбесіне енгізілген жағдайда, кедендік әкелу баждары мөлшерлемесін ЕАЭО БКТ бойынша төлеу;
  • Тізбеге енгізілген тауарларды апару үшін (ЕАЭО нормалары бойынша әкелінген) ветеринарлық сертификат болуы қажет, сонымен қатар оның Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінде (БАБЖ) болуы керек.

Жауапкершілік шаралары

Сонымен бірге ҚР аумағынан Тізбеге енгізілген және ДСҰ мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарларды апару кезінде декларанттар, сәйкес тауарларға иелік ету құқығына ие өзге де тауарлар, тауарларды тасымалдаушыға қатысты ЕАЭО мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары көзделгенін еске саламыз.

Сонымен бірге мүше мемлекеттердегі уәкілетті органдар арасында тауарға ілеспе құжаттардың легитимділігін растау тұрғысынан әрекеттестігі көзделгеніне назар аударамыз.

Қазақстаннан апарылатын тауарларды бақылауды жүзеге асыру мақсатында тараптардың уәкілетті органдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетімен байланыс орнатып, Комитет келген сұрауды тіркеуден өткізеді және деректер базасында куәландыру номері мен күні бойынша ЭШФ іздейді. ЭШФ расталмаған әрбір дерек бойынша Тізбедегі тауар әкелінген мүше мемлекет заңнамасына сәйкес шара қолданылатын болады.

Алып қоюлар тізбесі

2015 жылғы 14 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Қазақстан Республикасы ДСҰ‑ға кіру шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемесімен салыстырғанда біршама төмен кедендік әкелу баждарын қолданатын тауарлар тізбесі туралы» №59 Шешіміне қол қойылғанын еске саламыз.

Алып қоюлар тізбесі БКТ‑ға қарағанда біршама төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылатын СЭҚ ТН 1 347 тауар жайғасымынан тұрады (СЭҚ ТН аясындағы барлық 97 тауар тобынан 58 тауар тобы, соның ішінде: ауылшаруашылық өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары және басқалары).

Тауарлар тізбесі үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында күшіне енді, оған сәйкес көрсетілген тауарларға төмендетілген кедендік әкелу мөлшерлемелері қолданылады.

«Атамекен» ҰКП жанынан ДСҰ жағдайында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру аясында туындайтын мәселелер бойынша call-орталық құрылған.

Осыған орай «Атамекен» ҚР ҰКП‑ға мына мәселелер бойынша жүгінуді сұраймыз:

  1. ветеринарлық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды әкелу/әкету мәселелері бойынша – Б. С.Сейсенов - 919 325.
  2. тасымалдаушылар түйткілдері бойынша – М.А. Әмрин  - 919 300.
  3. ДСҰ аясындағы СЭҚ жалпы мәселелері бойынша – Экономикалық интеграция департаменті - 919 373.

Тізбедегі тауарларды есепке алу жүйесіндегі тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу жөніндегі блок-схемамен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер