«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жарнама болмайды, ал үзілістер қала береді

2015 жылғы 25 Қараша
9812 просмотров

Қазақстандағы шетелдік арналарда көрсетілетін жарнамаға салынған тыйымды жаңсақ түсіндірушілер жайлы

Сөз 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін және ҚР аумағында шетелдік телерадиоарналарды ретрансляциялау кезінде жарнама таратылуына тыйымды білдіретін «Телерадио хабар тарату туралы» заңға енгізілетін түзетулер жайлы болып отыр.

«Қазір аталмыш түзету адамдардың теледидарды жарнамасыз көруіне мүмкіндік беретін болды деген сияқты пікірлер шығып жатыр. Жарнамадан гөрі біраз уақытқа бағдарламаның тоқтап қалу процесі көбірек ашу тудырады деп ойлаймын. Жарнама алынып тасталғанмен, бұл үзіліс ешқайда да кетпейді. Бағдарлама бұрын тоқтатылса, қазір де солай тоқтатыла беретін болады. Тек онда жарнаманың орнына статикалық заставка қойылатын болады. Теледидар көру мәселесін шешпейміз», - деп хабарлады «Телерадио хабар тарату операторлары қауымдастығының» басшысы Саят Нұрахметов.

Кабельдік телевизия өкілі, «Фермата» ӨК директоры, қарағандылық Юрий Сецеховский БАҚ-та тапсырыспен жасалған материалдардың жарияланатынын мәлімдеді. «Алдыңғы күні zakon.kz сайтында енді хабарларды жарнамасыз көретініміз қандай жақсы болды деген сипаттағы материал шықты. Біліксіз адам жарнамасыз болмайтынын түсінбейді. Көлемді түрде қарсылық түсіндірме жазып қалдырдым, бірақ модератор оны шығармай тастады. Бұл тапсырыспен жазылған материал деп ойлаймын. Халыққа аталмыш сайттағы немесе басқаларындағы қазіргі ахуал жайлы айтып жеткізу қажет», - деді ол.

Саят Нұрахметов өз кезегінде бұлайша «жағдайды бұрмалауға» жол бермеу керектігін баса көрсетті. «Көрерменге объективтілік критерийлеріне жауап бермейтін ақпараттық ықпал ету әдістері қолданылады. Түзету авторларының кері қайтпау тетігін іске қосқанын түсінемін, сондықтан да олардың барлық құралдарды қолданып қалуы қажет. Алайда жағдайды жаңсақ түсіндіруге жол бермеу керек», деп атады ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер